ШҰҒЫЛ! «ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ Толығырақ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖАЛҒАСУДА

20:36, 7 қараша 2019

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бүгінде алты Алашты асып, соның аясында атқарылған игі шаралар алты құрлыққа мәлім дерлік дең-гей¬ге жетті. Алайда, болашаққа бағы сілтеген бағдарлама осымен тоқтап қалмақ емес. Қайта жаңаша қарқын ала түспек. Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы университет қабырғасында өткен жиында осындай ой айтылды.

Елбасы саясатының аймақтарда көрініс табуына әр өңірдің ішкі саясаты жауапты. Осы ретте Қостанай облысында «Рухани жаңғыру» мақаласының аясында ауқымды және айтулы іс-шаралар көптеп көрініс тапқан. Оған ішкі саясат басқармасы басшысының мына баяндамасы дәлел.

Елбасы жариялаған бағдарламалық мақала мәдени тұрғыда да орасан мәнге ие. Осы орайда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде мәдениет басқармасының атқарған істері көп. Тілдерді дамыту басқармасында да тап осындай оң нәтижелі маңызды міндеттер орындалған. Соңғы аталған сала мамандары рухани жаңғыруымыз үшін латын әліпбиіне көшу бағытында бірталай ілкімді іс тындырған. Ұстаздар қауымы да жас ұрпақ жадына жаңғыру жолдарын қондыруда.

Жалпы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бүгінгі жаһандану жағдайында еліміздің бірлігін сақтау барысында халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тарихын танып әрі әлі ашылмаған қырларын зерттеп-зерделеуге шақырады. Егер ұлт өзінің рухани және материалдық дүниетанымдарын жетік меңгермесе, бірегейлігінен айрылады. Сондықтан, бұл бағдарлама біртұтас халық болып қалыптасудың маңызды механизмі саналады.

Бауыржан Қасымхан

Тақырып бойынша материалдар

«ТУҒАН ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ. КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТҚАН
20:36, 5 қараша 2019
«ТУҒАН ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ. КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ...
Толығырақ...
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ: ҰЛЫ ТҰЛҒА – МЫРЗАҒАЗЫ ЕСБОЛҰЛЫ
20:52, 25 қазан 2019
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ: ҰЛЫ ТҰЛҒА – МЫРЗАҒАЗЫ ЕСБОЛҰЛЫ
Толығырақ...
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: АҚПАРАТТЫҚ КЕРУЕН – ҚОСТАНАЙДА
20:50, 23 қазан 2019
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: АҚПАРАТТЫҚ КЕРУЕН – ҚОСТАНАЙДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
20:38, 8 қараша 2019
ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
Толығырақ...