ШҰҒЫЛ! ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 323 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ

20:22, 19 ақпан 2020

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында былтыр облыста жалпы құны 8 млрд. теңге болатын 323 жоба жүзеге асырылды. Бұл туралы өңірлік қоммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Бір жарым мыңға жуық іс-шара өткізілді. Және де «Көркейе бер, Қостанай» жобасы бойынша ауыл аймақтарда балалар мен жеткіншектерге арналған спорттық алаңдар тұрғызылып, әлеуметтік нысандар жөнделді. Кәсіпкерлердің көмегімен 5 саябақ бой көтерген.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасында белгіленген тапсырмалар аймағымызда ойдағыдай орындалуда.  «Көркейе бер, Қостанай» жобасы аясында ауылдық жерлердің әлеуметтік инфрақұрылымы айтарлықтай жаңарды. 12 елді мекенде 22  мектеп ағымдағы жөндеуден өтіп , білім беру мекемелерінің  материалдық-техникалық базасы жақсарды. Кәсіпкерлердің жеке қаржысы есебінен    мәдениет, спорт нысандары ашылды.  Мәселен, ЕРДЖ компаниясы Жастар сарайын салуға  1 млрд , 700 теңге бөлді.  Сәні мен сәулеті келіскен заманауи нысан қазір қаланың көркін келтірді. Жалпы, инфрақұрылымды дамыту мақсатында меценаттардың көмегімен 172  жобаға 5 млрд. теңгеден артық қаражат бағытталды. «Бақытты отбасы» акциясы шеңберінде ондаған тұрмысы төмен  және көпбалалы отбасы баспанамен қамтылды.

Ауылдан түлеп ұшқан азаматтар  туған жерге жақсы қолдау көрсетіп жатырғанын жеткізді сала қызмекерлері. Білім беру саласын қолдауға да  кәсіпкерлер белсене атсалысуда. Меценаттардың көмегімен облысымыздың аудан қалаларында 65 айти - сыныптар, 30 робототехника кабинеттері ашылды. Олардың жалпы құны 325 млн. теңгені құрайды. 

Латын әліпбиіне көшу. Рухани жаңғыру бағдарламасында айқындалған тағы бір маңызды тапсырмалардың бірі. Осы бағытта   Тілдерді дамыту басқармасының мамандары  атқарылып жатқан  жұмыстар жөнінде баяндады. Қолға алынға жұмыстар  оң нәтижесін беруде, дейді мамандар.

Рухани жаңғыру бағдарламасын сапалы әрі тиімді іске асыруға үкіметтік емес ұйымдардың жоғары ұмтылысы байқалады. Былтыр  57 қоғамдық бірлестік  96 жобаны іске асырды.  Бұл бастамалардың  барлығы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының өңірде сәтті орындалып жатқанын айғақтайды.

Тақырып бойынша материалдар

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:14, 3 наурыз 2020
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ҒАЛЫМНЫҢ ЖАҢА МОНОГРАФИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:32, 25 ақпан 2020
ҒАЛЫМНЫҢ ЖАҢА МОНОГРАФИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН»: ҮШІНШІ ТОМНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
20:03, 21 ақпан 2020
«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН»: ҮШІНШІ ТОМНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар