ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН Толығырақ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»: 24 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

18:06, 11 маусым 2018

«Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінде талқыланған мәселенің бірі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылу барысы болды. Облыста бүгінге дейін 24 жоба орындалды. Жыл соңына дейін 20-дан астам ІТ-сыныптарын ашу көзделіп отыр. Одан қалды ІТ-құзырет орталықтары жұмысын бастайды. Онда тұрғындар цифрлық сауаттылықты арттыру мүмкіндігіне ие болмақ.

Өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аясында 2 млрд. 700 млн. теңге игерілді. 24 жоба жүзеге асырылып, шамамен 330 іс-шара өткізілді. Биыл қаржыландыру едәуір арта түспек. Кемінде 4,5 млрд теңге жұмсалады. 

Жиналыста киелі нысандар орналасқан аумақтардың инфрақұрылымын көтеру мәселесі көтерілді. Мониторинг жүргізіп қала мен аудан әкімдеріне 2020 жылға дейін Жол картасын әзірлеу тапсырылды. Ал ғалымдар зерттеу жұмыстарына мейлінше мән беру керек.

200-ге жуық кәсіпкер «Атамекен» бағдарламасына атсалысты. Биылдың өзінде қайырымды жандардың күшімен құны 170 млн теңгеге тең 21 ІТ-технологиялар кабинеті ашылды. Оның 16-сы ауылды жерлерде пайдалануға берілді. Бұл басы ғана. Өскелең ұрпақ бәсекеге қабілетті болып, әрі техникалық шығармашылығын шыңдау үшін Қостанайды «Смарт орталықтың» құрылысы қолға алынады.  

Бұдан бөлек, Қостанай инусдриалды-педагогикалық колледжі базасында ІТ-құзырет Орталығы пайда болады. Ол жерде оқытушылар мен студенттер тренингтерден өтіп, тұрғындар базалық негізде цифрлық сауаттылықтарын арттыра алады.

Балалардың дұрыс тамақтауны да маңызды мәселе. Бағдарлама шеңберінде мектеп асханаларын жаңғырту бойынша жоба іске асырылады. Олар 5 жылға дейін кәсіпкерлердің құзырына өтеді. Бизнесмендерге асханаларды бірыңғай стандарттарға көшіріп, оқушыларды  сапалы тағамдармен қамту міндеттеледі. Бұл тұрғыда «Нұр Отан» партиясы іскер азаматтармен меморандум жасаған. 

 

Данияр Сұлтанұлы

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЛАМГЕРЛЕРДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ КЕҢ ТАРАЛУДА
20:48, 15 қазан 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЛАМГЕРЛЕРДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ КЕҢ ТАРАЛУДА
Толығырақ...
ЕЛДІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ - ҚОҒАМДЫ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗІ
20:35, 11 қазан 2018
ЕЛДІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ - ҚОҒАМДЫ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗІ
Толығырақ...
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: БІЛІМДІ ҰРПАҚ - КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК
20:41, 4 қазан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: БІЛІМДІ ҰРПАҚ - КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
11:02, 18 қазан 2018
Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
Толығырақ...
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
13:12, 15 қазан 2018
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
20:30, 15 қазан 2018
ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...