ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

КИЕЛІ МЕКЕНДЕР КАРТАСЫ ЖАҢА НЫСАНДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

20:38, 10 желтоқсан 2019

Қойнауы сырға толы Тобыл-Торғай даласының жалпыұлттық және өңірлік маңызы бар киелі мекендер картасы биыл тағы басқа да нысандармен толықты. Бұл жөнінде Қостанай облысының әкімдігінде өткен селекторлық жиында мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов мәлімдеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалған қасиетті орындар картасына әуелде 29 нысан енгізілген еді. Атап айтқанда, жалпыұлттық маңызы бар – 10, өңірлік маңызы бар 19 нысан тіркелген. Биыл тағы тоғызы қосылып, картадағы тізім саны 38-ге жетіп отыр. Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың айтуынша, киелі орындардың қолжетімділігін арттыру және инфрақұрылымды дамытуға арналған Жол картасын жүзеге асыруға 175 млн теңге жұмсалған.

2020 жылы тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығын ашу қажет. Басқарма басшысы облыс әкіміне осындай ұсыныс айтты. Мұндай мекемелер еліміздің басқа өңірлерінде жемісті жұмыс істеп келеді дейді ол. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ұсынысты қолдайтынын білдірді.

Жиында айтылғандай, тоғыз аудан үш қаладағы тарихи және мәдени ескерткіштердің қорғау аймақтарын анықтау, табиғатын зерттеу де маңызды мәселе болып отыр. Алдағы уақытта осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 8,5 млн теңге бөлінбек.

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

ҒАЛЫМНЫҢ ЖАҢА МОНОГРАФИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:32, 25 ақпан 2020
ҒАЛЫМНЫҢ ЖАҢА МОНОГРАФИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН»: ҮШІНШІ ТОМНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
20:03, 21 ақпан 2020
«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН»: ҮШІНШІ ТОМНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
Толығырақ...
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 323 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ
20:22, 19 ақпан 2020
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 323 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...