ШҰҒЫЛ! ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН»: ҮШІНШІ ТОМНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

20:03, 21 ақпан 2020

«Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясының үшінші томы жарыққа шықты. Бұл кезекті жинаққа Қостанай, Қызылорда, Қарағанды және Жамбыл өңірлеріндегі көне ескерткіштер енгізілді. Жалпы жобаның аясында бес томдық энциклопедия құрастыру жоспарланған. Әзірге, 3-ші томының тұсауы кесілген бастама нәтижесінде жалпыұлттық рухани мекендер тізімі еселеніп, толыға түсті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртуға септесетін алты жоба ұсынылғаны белгілі. Соның төртіншісі – «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы. Оны іске асырудың мақсаты – халықтың ұлттық бірегейлігін және құндылықтарын нығайту. Осы орайда Қостанайда «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясының 3- томының тұсаукесері өтті. Облыстан неше нысан энциклопедияға  енді?

Ұрпақтар сабақтастығын сақтау және тарихпен байланыс орнату болашақ үшін аса  маңызды. Біз болашаққа нық қадам басып келе жатқан дамушы мемлекетпіз. Осы кезеңде  Елбасы аталған маңызды кезеңде бірізді жұмыс жасау мақсатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялады. Ол ұлт тарихындағы ұлы белеске айналды, - дейді жинақтың тұсаукесеріне жиналған жергілікті аға буын өкілдері.

Ғасырлар бойы халқымыздың қасиетті қорғаны болған байтақ қазақ даласы киелі әрі кереметке толы өңір саналады. Батыр бабаларымыз қан кеше жүріп қорғап қалған осы кең-байтақ територия тәуелсіз Қазақстанның баға жетпес байлығы екені сөзсіз. Егемен ел болып етек-жеңімізді жинаған соң тарихи құндылықтарға назар аударып, өткен-кеткенді түгендеу біздің басты борыш. «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясының да көздегені осы.

Тақырып бойынша материалдар

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:14, 3 наурыз 2020
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ҒАЛЫМНЫҢ ЖАҢА МОНОГРАФИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:32, 25 ақпан 2020
ҒАЛЫМНЫҢ ЖАҢА МОНОГРАФИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 323 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ
20:22, 19 ақпан 2020
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 323 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар