ШҰҒЫЛ! ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

ҒАЛЫМНЫҢ ЖАҢА МОНОГРАФИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

20:32, 25 ақпан 2020

Бүгінгі өзекті тақырыптың бірі – қоғамдық сананы өзгерту. Оны қалай жүзеге асыруға болады? Осы сұрақ төңірегінде Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде философия ғылымдарының докторы Сафар Қолдыбаевтың ашық лекциясы өтті. Сондай-ақ, көпшілікке ғалымның жаңа монографиясы таныстырылды.

Қостанайлық ғалым Сафар Қолдыбаевтың кезекті еңбегі «Қоғамдық сананы жаңғырту және Қазақстанның ұлттық коды» деп аталады. Жаһандану дәуірінде әлем көшіне қалай ілеспек керек? Батыс өркениеті бізге не берді? Автор жинақта осы сұрақтарға жауап бере отырып, оқырманын ойға жетелейді.

Автордың айтуынша, бұл монография 2015 жылы жарық көрген «Қазақстан: ұлт және ұлттық сана» атты кітабының жалғасы іспеттес. Сол еңбегі үшін ғалым меценаттар клубының сыйлығын иеленген еді. Сафар Қолдыбаев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын көпшілікке түсіндіру жұмыстарына да белсене қатысқандардың бірі. Осылайша 2 жылдан кейін жаңа тұжырымдар жинағы басылып шықты.

Бұл – білім алушылар үшін оқу құралы болатын кітап. Аталған еңбектің мазмұнымен танысқан жастар осылай дейді.

Монографияны жазу барысында ғалым жүзге жуық дереккөзді ақтарып, ой елегінен өткізген. Қазақстандық ғана емес, шетелдік оқымыстылардың осы тақырыптағы туындыларын зерделеген. Кітаптың таныстырылымына арналған қоғамдық лекция Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналды.

 

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:14, 3 наурыз 2020
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН»: ҮШІНШІ ТОМНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
20:03, 21 ақпан 2020
«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН»: ҮШІНШІ ТОМНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
Толығырақ...
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 323 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ
20:22, 19 ақпан 2020
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 323 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар