ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН РУХАНИ БАҒЫТЫ

20:47, 19 қараша 2019

Науырзым ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда жүйелі жұмыс атқарылуда. Соңғы 3-4 жылда бұл салада 130 миллион теңгедей қаржы игерілген. Жақында ауданда өткен «Жерлестер» форумының аясында жұмыстар қортындыланып, алдағы атқарылатын істердің жоспары жасалды.

Мұнда биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бойынша 237 мәдени көпшілік шарасы өтіп,оларға 15 мыңдай адам қатынасыпты. Ауданда ұйымдастырылған «Жерлестер» форумының алға қойған мақсаты – осыған Науырзымда туып-өскен азаматтарды кеңінен тарту болатын.Форумға қатынасушылар осы өлкенің тумасы Ертай қажы Балахметтің киіз үйін тамашалап, ұлттық салт-дәстүрдің жастар тәрбиесіне қосатын үлесі жайлы өзара ой бөлісті.

Аудан орталығындағы шағын мұражай бөлмеге осы өңірдің өркендеуіне елеулі үлес қосқан азаматтар жайлы тарихи деректер жинақталған. Мұнда жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруге баса назар аударылуда. Іскер азаматтар аудан орталығында робототехника кабинетін ашуға демемеушілік көмек көрсеткен еді. Онда тәлім алған мектеп оқушылары қазір түрлі жарыстарда жеңімпаз атанып жүр.

Науырзымдық жастар «Жерлестер» форумының аясында,осы ауданның тумасы, белгілі журналист Дархан Әбдіуахитпен кездесіп, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға толымды жауап алды. Мұндай мәдени-көпшілік шаралары бұл ауданда жиі өткізіліп тұрады. Ауданда тек биылғы жылдың өзінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға 47 миллион теңге қаралып, игерілуде.

Бұл аудан елімізге танымал талай спорт саңлақтарының кіндік қаны тамған өлке. «Мына жастардың да болашақта дүбірлі жарыстардың жеңімпазы атанған жерлестерінің ізбасары болатындығына сенеміз» дейді мұндағылар.

Жиында ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар да қортындыланды. Биыл мұнда 905 миллион теңгенің техникасы сатып алынып, келесі жылға 21 мың тонна тұқым әзірленген. Соңғы 3-4 жылда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша да 130 миллион теңгедей қаржы игерілген. Аудан әкімі Талғат Карбозов осы салаға белсене ат салысушылар мен еңбек озаттарын марапаттап, олардың осы игі бастамасының жалғасын табуына сенім білдірді.

Қабылахат Сейдахмет

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
20:18, 27 сәуір 2020
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Толығырақ...
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:14, 3 наурыз 2020
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ҒАЛЫМНЫҢ ЖАҢА МОНОГРАФИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:32, 25 ақпан 2020
ҒАЛЫМНЫҢ ЖАҢА МОНОГРАФИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
22:10, 1 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...