ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

АЛТЫН ОРДАНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА – 750 ЖЫЛ

20:55, 13 қараша 2019

Биыл айбынды Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толып отыр. Осыған орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алтын Орданың 750 жылдығын лайықты атап өту және ұлыстың негізін қалаған Жошы хан есімін ұлықтау туралы тапсырмасы бойынша бүгін Қостанай Мемлекеттік педагогикалық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Түркі генесизі және Алтын Орда» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы». Бүгінгі қазақтың сайын даласынан әлемнің әр түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің тарихи үдерістеріне елеулі үлес қосты. Осыған байланысты, «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу қажет. Осылай деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған.

Тамырлы тарихымыздың бедерлі кезеңін қамтитын Ұлық ұлыс Қазақ хандығының бастауы саналады. Оның бай тарихы қазақ даласымен және халқымыздың негізін құраған ру-тайпалармен тығыз байланысты. Жұртшылықтың көбі, Ұлыстың атасы Жошы ханды моңғол халқымен ғана байланыстырады. Алайда, ғалымдар ол тұжырыммен келіспейді.

Сондай-ақ, бұл конференцияда жиынның бас қонағы филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының төл кітабының тұсауы кесілді.

Айта кетейік, айтулы жиынға тек жергілікті тарихшылар ғана емес Нұрсұлтан қаласынан да қонақтар келіп өз ойларын ортаға салды.

Гүлсезім Ақтас

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
20:18, 27 сәуір 2020
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Толығырақ...
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:14, 3 наурыз 2020
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ҒАЛЫМНЫҢ ЖАҢА МОНОГРАФИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:32, 25 ақпан 2020
ҒАЛЫМНЫҢ ЖАҢА МОНОГРАФИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар