Ақордадағы кездесу

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

19:31, 21 сәуір 2017   179

Кездесуге белгілі жазушылар Бексұлтан Нұржекеев, Дулат Исабеков және Смағұл Елубаев қатысты. Елбасы ел-жұрт пен бүкіл қоғам өмірінде өнердің, шығармашылықтың маңызды орын алатынын айта келіп, шығармашылық зиялы қауым өкілдеріне сәттілік тіледі, сондай-ақ оларға ел тәуелсіздігін нығайтуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді. Әңгіме барысында ел өмірінің мәдени-гуманитарлық саласымен қатар, қоғамдық-саяси саладағы кең ауқымды мәселелер қозғалды. Соңында Мемлекет басшысы рухани жаңғыру жөніндегі қазақстандықтар алдында тұрған міндеттердің маңызы зор екеніне тоқталып, елді дамыту үшін оларды жүзеге асырудың өзектілігін атап өтті.

«Қазақстан-Қостанай» телеарнасының ресми сайты

110003, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 126 үй Байланыс телефондары: 8 (7142) 54-66-60