ШҰҒЫЛ! 7- ШІ БАҒЫТТАҒЫ МАРШРУТ ШАҒЫН АВТОБУСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ Толығырақ

10 МЫҢ ҚОСТАНАЙЛЫҚ ЛАТЫН ҚАРПІНДЕ ДИКТАНТ ЖАЗДЫ

18:15, 10 қыркүйек 2019

Латын қарпіндегі қазақ әліпбиін іс жүзінде меңгеру. Бүгін республика бойынша латын графикасы негізінде «Жалпыхалықтық диктант» өтті. Оған 10 мыңнан аса қостанайлық қатысты. Бұл жолғы тақырып Жастар жылына арналды.

Рухани жаңғыру бағдарламасының «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру» жобасы бойынша елімізде ауқымды іс-шаралар атқарылуда. Жалпыұлттық диктант соның бір парасы. Бұл күні облыс орталығында бір мезетте үш жерде осындай шара ұйымдастырылды. Достық үйіне жиналған қостанайлықтардың қарасы қалың. Латын қарпіне көшу заман талабы деп есептейтін көпшілік оны тезірек меңгеріп алуға мүдделі.

Бүгінгі науқанға бел шеше кірісіп, барынша тырысқандардың басым көпшілігі студенттер мен оқушылар қауымы.  Бірінші рет емес, бірнеше рет жазып қол жаттықтырған жастар болса, қазір латын тілінде жазу жеңілдеді деп отыр.

Латын графикасына негізделіп, қазақ әліпбиін сауатты қолдануды мақсат еткен  диктанттың нәтижесін білікті мамандардан жиналған комиисия құрамы анықтайды. Нәтиже диктант жазылып болған соң, 15-20 минут көлемінде анықталмақ.

Жансая Асылбекқызы

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ДАМУДЫҢ ЖАҢА САТЫСЫ
20:35, 22 қаңтар 2020
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ДАМУДЫҢ ЖАҢА САТЫСЫ
Толығырақ...
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»: С.ЖАЛЫБИННІҢ ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ
20:44, 19 желтоқсан 2019
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»: С.ЖАЛЫБИННІҢ ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ
Толығырақ...
КИЕЛІ МЕКЕНДЕР КАРТАСЫ ЖАҢА НЫСАНДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ
20:38, 10 желтоқсан 2019
КИЕЛІ МЕКЕНДЕР КАРТАСЫ ЖАҢА НЫСАНДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ШАРА ҚОЛДАНБАҒАН ИНСПЕКТОРДЫҢ ІСІ ҚАРАЛДЫ
20:20, 20 қаңтар 2020
ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ШАРА ҚОЛДАНБАҒАН ИНСПЕКТОРДЫҢ ІСІ ҚАРАЛД...
Толығырақ...