ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ЖҮРЕК ҚАН ТАМЫРЛАРЫ ХИРУРГИЯСЫ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

20:35, 6 ақпан 2020

Медициналық қызметтің қолжетімділігі арта түспек. Жүрек ауруына шалдыққан науқастар енді Нұр-Сұлтан мен Алматыға жол тартпай-ақ облысымыздағы емдеу мекемесінде тиісті медициналық көмекті ала алады. Облыстық аурухана жанынан ашылған жүрек қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінде қаңтар айында ондаған адамға мамандандырылған ота жасалды. Емдеу мекемесіндегі замануи жабдықтар арқылы аурудың өзегі іздестіріліп, тиімді ем- дом тәсілдері қолданылады.

Баспасөз брифингінде аймақ ақ желеңділері  денсаулық сақтау саласын дамытудың  негізгі мәселелеріне тоқталды. Бүгінгі күні облысымызда жүрек ауруына шалдыққан науқастар саны азаймай отырғандығы айтылды. Осыған орай  қаңтар  айында облыстық аурухана жанынан   жүрек қан тамырлары хирургиясы бөлімшесі  ашылған болатын. Дәрігерлердің сөзінше, жүрекке күрделі оталар жасау үшін қазіргі заманға сай құрал- жабдықтарды жеткізуге   басымдық берілмек.

Хирургия бөлімшесінде білікті  дәрігерлер еңбек етуде. Екі реабилитолог маман Қарағанды облысынан келген. Емдеу мекемесіне және де нейрохирург,  кардиолог, ортопед, травматолог, логопед және  психолог мамандар тартылған. Жыл басынан бері 40 дәрігер осында жұмысқа тұрды.  Дей тұрғанымен, маман тапшылығы мәселесі толық шешілмеген. Анестезиолог,  реаниматолог, акушер гинеколог және неонатолог мамандар қат. Салдарынан дәрігерлерге  артылған жұмыс жүктемесі көбейген. 

Облыстық аурухана жанынан  және де  «Неке және Отбасы»  бөлімшесі ашылғанын жеткізді мамандар. Тұрғындар   дұрыс өмір сүру салты,  ұрпақты көбейту мәселелері бойынша Репродуктолог-дәрігерлерінің көмегіне жүгіне алады.

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСШЫЛАРЫ СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУДЕН  ӨТУДЕ
20:37, 27 ақпан 2020
КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСШЫЛАРЫ СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ
Толығырақ...
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»: АМБУЛАТОРИЯ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ
20:30, 26 ақпан 2020
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»: АМБУЛАТОРИЯ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...