ШҰҒЫЛ! COVID-19. КАРАНТИН РЕЖИМІНІҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК Толығырақ

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ЖАҢА 50 КӨЛІКПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

20:38, 20 мамыр 2020

Облыста жергілікті бюджет қаржысына сатып алынатын санитарлық автокөлік паркін жаңарту бағдарламасы жалғасуда. Биыл жедел жәрдем қызметі үшін тағы 50 арнайы көлік пен реаномобиль сатып алынады. Ол үшін бюджеттен 2 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінбек.

Ағымдағы жылдың қазан айына дейін жергілікті бюджет қаржысына сатып алынатын санитарлық автокөлік паркін жаңарту бағдарламасы бойынша облыстық жедел жәрдем қызметі тағы 50 автокөлікпен қамтылады. Сала мамандарының айтуы бойынша бұл жылдам әрі сапалы қызмет көрсетуге үлкен мүмкіндік жасайды.

Барлық автомобильдер денсаулық сақтау министрлігінің стандартына сай әрі заманауи құралдармен жабдықталатын болады. Олардың ішінде электрокардиограф, өкпенің жасанды вентиляциясының аппараттары мен оттегі баллондары болады. Жедел жәрдем қызметі жаңа көліктермен алмасып жатқанына жүргізушілер де дән риза.

Айта кетейік, соңғы жылдары денсаулық саласында көптеген реформалар болды. Өзгерістер бүгінде оң нәтиже беруде. Медициналық мекемелер заманауи құрылғылармен жабдықталып, барлық күрделі деген ем-дом шаралары қолжетімді бола түсті.   

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:33, 27 мамыр 2020
ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ҰСЫНЫСЫН ДӘРІГЕРЛЕР ҚОЛДАЙДЫ
20:32, 27 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТ ҰСЫНЫСЫН ДӘРІГЕРЛЕР ҚОЛДАЙДЫ
Толығырақ...
ВАКЦИНАЦИЯ ШАРАЛАРЫ ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
20:35, 22 мамыр 2020
ВАКЦИНАЦИЯ ШАРАЛАРЫ ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...