ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЖАС МАМАНДАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛДЫ

20:36, 4 желтоқсан 2019

Облыста дәрігер мамандардың тапшылығы мәселесі біртіндеп өз шешімін тауып келеді. Жітіқара аудандық емханасы биыл еліміздің беделді оқу орындарын тәмамдаған жас медицина маманадарымен толықты. «Жастар форумы» аясында дәрігерлерге жалдамалы пәтерлерінің кілттері табысталды. Толығырақ.

1 терапевт-дәрігер, 1 тіс дәрігері. 4 жалпы практика медицина мамандары. Жітіқара аудандық емханасы  оқуларын биыл ғана тәмамдаған жас дәрігерлермен толықты. «Жастар форумы» аясында 6 маманға құны 20 млн теңгені құрайтын жалдамалы пәтерлерінің кілттері табысталды. Жансая Нұрахметова – Алматы облысының тумасы. Бала кезден дәрігер болуды армандаған бойжеткен, еңбек жолын еліміздің солтүстігінен бастағанды жөн көрді.

Мамандар баспанаға Елбасының тапсырмасымен білікті кадрларды ауылдарға тарту мақсатында қолға алынған бағдарлама аясында қол жеткізіп отыр. Айта кетерлігі, Жітіқарада биыл бос тұрған 80 пәтерлі үйді күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Жоба құны – 6 млн теңге.

Қазіргі таңда өңіріміз жас мамандарды жұмысқа тарту бойынша белсенділік танытуда. Мемлекет тарапынан жас мамандарға жан жақты қолдау көрсетіліп отыр. Әлеуметтік көмек ретінде облыстық бюджеттен 135 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген. Былтыр өңірімізге 102 жас маман тартылса, биыл 300-ге жуық маман келген. Демек, еңбек еткісі келген адамға мемлекет барлық жағдайды жасап отыр. Тек, талпыныс болса болды.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
20:22, 28 мамыр 2020
ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
Толығырақ...
ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:33, 27 мамыр 2020
ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ СӘТТІ ОРЫНДАЛЫП КЕЛЕДІ
20:30, 28 шілде 2020
«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ СӘТТІ ОРЫНДАЛЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
4 000  ТҰРҒЫН  ХҚКО ЖЕҢІЛДІК ТЕРЕЗЕСІ АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АЛДЫ
20:30, 29 шілде 2020
4 000 ТҰРҒЫН ХҚКО ЖЕҢІЛДІК ТЕРЕЗЕСІ АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗ...
Толығырақ...