ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН БІР АЗАМАТ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАРАТЫЛДЫ

20:35, 19 наурыз 2020

№4-ші қалалық емхана мамандары қауіпсіздік шараларына мейлінше мұқият болу мақсатында мекемеге тіркелген егде жастағы науқастардың дәрі-дәрмегін үйлеріне жеткізіп беруде. Осы ретте медицина мамандарының еріктілер көмегіне жүгінгенін айта кету керек. Төтенше жағдайға байланысты жүзеге асқан бұл бастаманың тиімділігін тілші біліп қайтты.

Лариса Боярская - №4 қалалық емхананың пациенті. Ол осы күнге дейін рецепт бойынша берілетін препараттарды емханадан өзі кеп алып кетіп жүретін. Бұл жолы оған үйден шығудың қажеті болмады. Өйткені, зейнеткерге қажетті дәрі-дәрмектерді еріктілер жеткізіп берді. Бұл – мекеме мамандарының қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында іске асырған бастамасы.

Жүріп-тұруы қиындаған қариялар бұл бастаманың іске асқанына қуанышты екенін жасырмайды. Осы ретте олар емхана ұжымы мен еріктілерге өз ризашылықтарын білдірді.

Бұл бастаманың басты мақсаты – емханаға келушілердің санын азайту. Әсіресе, қарт кісілердің. Себебі, олар үшін вирус жұқтырып алу қауіпі жоғары. Сондықтан, сақтық шараларын осылайша іске асырып отырмыз дейді дәрігерлер.

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС:  КӨМЕК АЛУ МҮМКІНДІГІ ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН ҰЗАРДЫ
20:36, 1 сәуір 2020
МӘМС: КӨМЕК АЛУ МҮМКІНДІГІ ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН ҰЗАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЖ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАМАСЫН БАЛАЛАР ҚОЛДАУДА
20:47, 1 сәуір 2020
ТЖ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАМАСЫН БАЛАЛАР ҚОЛДАУД...
Толығырақ...