ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРДЫҢ КӨМЕГІ МОЛ

20:38, 7 ақпан 2019

Отандық медицинаның озық қадамдары. Бүгінде облыстық ауруханада жоғары технологиялық оталар жасау үшін бар жағдай қарастырылған. Бұл денсаулық сақтау саласына мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасы екені талас тудырмайды. Емдеу мекемесі заманауи қондырғылармен жарақтандырылып, емдеудің озық әдіс-тәсілдерін енгізуде. Әсіресе, нейрохирургия саласында iлгерiлеушiлiк байқалады. Облыстық аурухана былтыр радиожиілік жүйкесіздендіру қондырғысымен қамтылды. Тиімді тәсіл арқылы осы кезге дейін науқастарға 30 ота жасалды. Операциядан кейін емделушілердің денсаулығы жақсарғанын айтады дәрігерлер.

Александр Щеголев нейрохирургтерге жиі қаралатын емделушілердің бірі. Осыдан 2 ай бұрын егде жастағы кісінің белі қатты ауырып, Қостанай облыстық ауруханасына түседі. Озық технологияның көмегімен ота осы кісіге жасалыпты. Науқас  көп қиналмағанын айтады. Операцияның ертеңінде қалыпты қозғалып, өзін жақсы сезіне бастайды.

Құны 48 млн теңге тұратын қондырғы облыстық ауруханаға былтыр  орнатылды. Заманауи жабдық  тоқ арқылы неврологиялық  ауру белгілерін  жүйкесіздендіреді. Яғни, дерттің ауру сезгіш нүктелерін жоюға көмектеседі. Ота жасаудың бұл тәсілі бүгінгі күні неврологиялық ауруларды  емдеудегі  ең тиімді әдіс болып саналады. Аймағымыздың ақ желеңділері осылай деп отыр.  

Нейрохирургияның  қыр-сырын жетiк меңгерген жоғары бiлiктi мамандар   қазіргі заманға сай әдістерді осылайша кеңінен енгізуде. Адам денсаулығын жақсартуға  мүмкіндік беретін мұндай озық қондырғылар тек еліміздің Алматы ,Астана қаласындағы емдеу мекемелерінде  ғана бар. Медициналық емнің  бұл түрі облыстық ауруханада тегін  жасалады. Соңғы жылдары нейрохирургиялық ауруларға  шалдыққандар саны күрт өсіп отыр. Өкінішке орай, көп жағдайда аурудың сырқаты асқынып, ауруханаға түскен кезде ғана анықталатынын айтады ақ халаттылар.

Тақырып бойынша материалдар

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ НӘТИЖЕ БЕРЕ БЕСТАДЫ
20:40, 19 наурыз 2019
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ НӘТИЖЕ БЕРЕ БЕСТАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА АВИАЦИЯЛЫҚ ТІКҰШАҚ ҚЫЗМЕТКЕ КІРІСТІ
20:31, 13 наурыз 2019
ОБЛЫСТА АВИАЦИЯЛЫҚ ТІКҰШАҚ ҚЫЗМЕТКЕ КІРІСТІ
Толығырақ...
ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН: САНДЫҚ ЖҮЙЕ, САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ!
20:44, 12 наурыз 2019
ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН: САНДЫҚ ЖҮЙЕ, САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар