ШҰҒЫЛ! СПАРТАКИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ Толығырақ

Ветеринарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілді

20:32, 10 қазан 2017

Облыста жыл басынан бері бруцеллезге қатысты 31 жағдай тіркелген. Осыған байланысты сала мамандарына өңір басшысы нақты тапсырма бергені мәлім. Ол қалай орындалуда? Тосқауыл қою шаралары қандай нәтиже беруде? Бұны мәслихат депутаттары өз бақылауларына алды. Әкімдікте өткен жиында жауапты мекемелер атқарылған жұмыс барысы жайлы есеп берді.

Қазір республикалық жұқпалы ауруларға қарсы арнайы жасақ барлық малды қайта тексерістен өткізуде. Облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен түйіткілді мәселе мәслихат депутаттарының қатаң бақылауына алынды. Құзырлы органдар жануарларға жаппай тексеріс жүргізіп, вакцинация егуді міндеттеді. Ағымдағы жылдың сегіз айы бойыша бруцеллезге байланысты 31 жағдай тіркелген.

Ерекше күтімдегі малға бұл кеселдің қайдан тап болғандығын ешкім дәл басып айта алмайды. Ветеринарлардың болжамы малдың бақылаусыз жүруінен дейді. Соңғы тоғыз ай бойынша 363 мың 505 тексеріс өткізілген. Тексеріс барысында 3508 мал басы оң әсерін берген.

Баяндамашының мәліметіне сенсек, ірі қараның  бруцеллез ауруына шалдығу деңгейі дәнді өлкеде өткен кезеңдермен салыстырғанда сәл төмендеген. Барлық жоспар 100 пайызға орындалған дейді есеп беруші мекемелер. Сондай-ақ жиын барысында облысымыздағы ветеринария жағдайы да сөз етіліп, талқыға салынды.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ЗАМАНАУИ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
18:08, 4 шілде 2018
БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ЗАМАНАУИ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА ТҮСКЕН ҚАРАЖАТ 3,2 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
20:35, 29 маусым 2018
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА ТҮСКЕН ҚАРАЖАТ 3,2 МЛРД. ТЕҢГЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ  ӘКІМІ МЕН ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН  АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
09:00, 11 шілде 2018
ЕЛБАСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН АСТАН...
Толығырақ...
К. ӘБДІРАХМАНОВА  «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
09:26, 12 шілде 2018
К. ӘБДІРАХМАНОВА «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
Толығырақ...