ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

ВАКЦИНАЦИЯ ШАРАЛАРЫ ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

20:35, 22 мамыр 2020

Сәбилерге екпе салу керек пе? Иммундау шараларына ата -аналар неліктен қауіппен қарайды? Вакцинация шараларының нәтижесі қандай? Арна тілшілері осы мәселе төңірегінде Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдерімен сұхбаттасқан еді.

Бүлдіршіндерге екпе салдырту әңгімесі қашанда халық арасында қызу талқыланатын мәселенің бірі. Әзірге вакцинациялар туралы қоғаида нақты пікір қалыптастапағаны белгілі. Біреулер оның пайдасына еш шүбә келтірмейді, енді біреулері вакцинация жасатудан мүлдем бас тартып жатады. Осы мәселені ескере отырып, мән – жайды санитарлық дәрігерлерден анықтап көруге тырыстық. Екпе егу шарасы- полиомиелит, туберкулез, дифтерия сияқты жұқпалы аурулардан қорғанудың ең тиімді тәсілі екенін айтады мамандар. Себебі вакцина жасалғаннан кейін адам ағзасында қауіпті дертке қарсы иммунитет қалыптасады. Бүшінгі таңда елімізде екпе инфекциялық аурулардың 11 түріне қарсы салынады. Олар туберкулез , гепатит, полиомиелит , көкжөтел, дефтерия, сіреспе, қызылша , гемофильді жұқпа сияқты аурулар.

Графика

туберкулез (БЦЖ)

гепатит

полиомиелит

көкжөтел

дифтерия

сіреспе (АКДС)

гемофильді жұқпа

пневмококк жұқпасы

қызылша

қызылмақ

паротит

Екпенің арқасында ағза аса қауіпті ауруларды тудыратын бактериялар мен вирустарға төтеп бере алады. Бірақ бір ескеретін жәйт, оның кез-келген дәрі-дәрмек сияқты кері әсері болады. Демек, уақытша ауру белгілері- имундауға қатысты реакция ғана. Сол себепті вакцинаның пайдасы мен қауіпсіздігіне күмәндануға еш негіз жоқ. Бірақ, бұл белгілер бала өміріне қауіп тигізбейді. Дәргерлер жұқпалы аурулардың алдын алуға бұқараның бей-жай қарамауын сұрайды. Екпе жасатқан дұрыс деп кеңес береді.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
20:22, 28 мамыр 2020
ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...