ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ АЙЛЫҚ ЖАЛҒАСУДА

20:03, 16 наурыз 2020

Облыста туберкулезге қарсы айлық өтіп жатыр. Оның аясында емханаларда ашық есік күні өтеді. Әр азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша соған барып, тексеріле алады. Оның барлығы тегін. Сол сияқты, фтизиаторлар жылжымалы медициналық құрылғының көмегімен елді мекен тұрғындарын да тексерістен өткізуде.

Туберкулез ауруын алдын -алу, анықтап, емдеу елімізде кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде жүргізіледі. Өткен жылы дертке шалдыққан азаматтарды емдеу және әлеуметтік көмек көрсету мақсатында қомақты қаржы бөлінген. Науқас адамдардың қатарын азайту мақсатында аймағымызда кешенді шаралар жүргізілуде. Соның нәтижесінде, Қостанай облысының көрсеткіштерінде жағымды динамика байқалады, дейді мамандар

Қазіргі таңда туберкулездің дәріге төзімді түрлері пайда бола бастады. Бұл үрдіс әлемде орын алып отырғанын ескерте кеткеніміз жөн. Осы орайда, қала тұрғындарынан құрт ауруы жайлы не білетіндерін сұрап көрдік.

Туберкулездің азаюы халық арасында жүргізілген алдын алу  шаралардың уақтылы, әрі тиісті деңгейде өткізілгеніне байланысты дейді сала мамандары.  Жыл сайын облыс тұрғындарының жартысынан көбі флюорграфиялық тексеріс өтеді.  Ауруханалар бүгінде   жаңа жабдықтармен де қамтылған.

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
20:22, 28 мамыр 2020
ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
Толығырақ...
ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:33, 27 мамыр 2020
ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
20:30, 6 тамыз 2020
ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
Толығырақ...
«ЕҢБЕК» - ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫС ТАБУЫНА ЖӘРДЕМ
20:30, 6 тамыз 2020
«ЕҢБЕК» - ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫС ТАБУЫНА ЖӘРДЕМ
Толығырақ...