ШҰҒЫЛ! ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ АЙЛЫҚ БАСТАЛДЫ

20:23, 24 ақпан 2020

Бүгін дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық басталды. Оның аясында емханаларда ашық есік күні өтеді. Әр азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша соған барып, тексеріле алады. Оның барлығы тегін.

Айлық аясында фтизиатр, фтизиопедиатрлардың  кеңестері, тұрғындарды флюорографиялық тексерістен өткізу сияқты ауқымды акциялар жоспарланған. Сол сияқты, туберкулезбен ауыратындардың емделуін дәрігер смартфон арқылы да қадағалайды. Науқастар емханаға келмей-ақ, емін үйде жүргізе алады.  Жаңа технологиялық жетістіктер шалғай аймақтарда тұратындарды қашықтан бақылауға жол ашып отыр, дейді сала мамандары.  Кешенді шаралардың нәтижесінде  облыста эпидемилогиялық жағдай біршама тәуірлеген. Ауру деңгейі 5 пайызға төмендеген. Былтырдың өзінде науқастардың көбі дертінен айығып, өлім-жітім көрсеткіші  азайғанын айтады дәрігерлер.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:27, 20 наурыз 2020
ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар