ШҰҒЫЛ! Денсаулық сақтау саласы даму үстінде Толығырақ

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ НӘТИЖЕ БЕРЕ БЕСТАДЫ

20:40, 19 наурыз 2019

Туберкулез-бүгінде әлем бойынша ең қауіпті жұқпалы індеттің бірі. Облыс аймағында аталған қауіпті жұқпалы індет бойынша аурушаңдық деңгейі біршама төмендеген. Алдын-алу шараларының кеңінен жүргізілуі осындай оң нәтижесін беруде. Туберкулездің алғашқы белгілері, оны уақтылы емдеу. Сала мамандары осы тақырып төңірегінде Ішкі істер министрлігінің Қостанайдағы оқыту орталығында болып, болашақ полицейлерге аурудың алдын алу шараларына қатысты барынша ақпарат беруге тырысты.

Ақпан айында облыста өкпе дертіне қарсы айлық басталған болатын. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің  қызметкерлері туберкулездің алдын алу жөнінде мекеме, ұйымдарда  түсінік жұмыстарын жүргізді.   Мақсат- халықтың санитарлық ағарту және медициналық белсенділігін арттыру.  Бұл жолы болашақ тәртіп сақшыларына қауіпті індетті жұқтырмаудың жолдары   түсіндірілді. 

Өйткені болашақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететіндіктен   қауіпті ауруларды жұқтырып алу ықтималдығы  жоғары мекемелерде жұмыс істейді. Сондықтан, қауіпсіздікті күшейтудің маңызы зор.  

Соңғы жылдары өңірімізде өкпе ауруы едәуір төмендеді. Аталған жұқпалы індет бойынша  эпидемиологиялық жағдай  жақсара түскен өңірде.  Туберкулезге қарсы алдын алу шараларының кешенді түрде жүргізілуі ойдағыдай нәтиже беруде. Бірақ, тоқмейілсуге болмайды   -  дейді мамандар.

Скринингтік шараларды қалт жібермей, жылына бір мәрте емханаларға  барып флюрографиялық тексерістерден өтуге кеңес береді санэпидемиолог мамандар. Және де тұрғындарды өз  денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады. 

Тақырып бойынша материалдар

АБАЙЛАҢЫЗ, КЕНЕ! ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
20:36, 23 мамыр 2019
АБАЙЛАҢЫЗ, КЕНЕ! ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ДӘРІ – ДӘРМЕК САТЫЛЫМЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛУЫ ТИІС
20:34, 23 мамыр 2019
ДӘРІ – ДӘРМЕК САТЫЛЫМЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
240 МЫҢ БАС ІРІ ҚАРА ЖҰҚПАЛЫ АУРУҒА ҚАРСЫ ЕГІЛДІ
18:08, 22 мамыр 2019
240 МЫҢ БАС ІРІ ҚАРА ЖҰҚПАЛЫ АУРУҒА ҚАРСЫ ЕГІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
19:07, 14 маусым 2019
Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
Толығырақ...