ШҰҒЫЛ! ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖҮРМЕЙДІ Толығырақ

СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ОРТОДОНТИЯЛЫҚ КӨМЕК - МӘМС ПАКЕТІНДЕ

20:16, 8 қазан 2020

Енді бірнеше санаттағы азаматтар бірден тіс дәрігері мен ортодонт дәрігеріне тегін бара алады. Медициналық көмектің бұл түрі де МӘМС пакетіне кіреді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында тіркелген жері бойынша емханалар ғана емес, қормен шарты бар жеке стоматологиялық клиникаларға да жүгінуге болатынын түсіндірді. Және олардың қызметтері қор есебінен төленеді. Науқас үшін емдеу тегін болады.

Стоматологиялық көмек те МӘМС пакетіне кірді. Тіс дәрігерінің кеңсесінде тегін жоспарлы емдеу екі санат үшін қолжетімді. Бұл 18 жасқа дейінгі балалар және жүкті әйелдер үшін, сондай-ақ, жекелеген санаттарға шұғыл стоматологиялық көмек тегін көрсетіледі. Ал емге төлем жасамайтындардың тізімінде бірнеше санаттағы азаматтар бар.

Тағы бір жаңалық - МӘМС жүйесінде ортодонтиялық көмек те көрсетілетін болады. Оны әлеуметтік қорғалатын отбасылардан шыққан балалар ала алады. Бұл АӘК алушылар. Ортодонтиялық көмек әртүрлі дәрежедегі жақтың дамуында ақаулары бар адамдарға қажет.

Тіс емханалары сақтандыру қорымен шарттары бола тұра, стоматологиялық көмек көрсетуден бас тартса, адамдар 1406 нөміріне хабарласып, шағым түсіре алады. Немесе Қолдау 24 мобильді қосымшасы арқылы шағым қалдыруға мүмкіндік бар. Медициналық сақтандыру қорында әрбір өтініш қаралады.

Гауһар Асанбек

Тақырып бойынша материалдар

МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:39, 14 қазан 2020
МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ДӘРІГЕРЛЕРІ ЛАПАРОСКОПИЯЛЫҚ ОТА ЖАСАУ ӘДІСІН МЕҢГЕРУДЕ
20:52, 13 қазан 2020
ОБЛЫС ДӘРІГЕРЛЕРІ ЛАПАРОСКОПИЯЛЫҚ ОТА ЖАСАУ ӘДІСІН МЕҢГЕРУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР  ЖҮРМЕЙДІ
20:38, 19 қазан 2020
ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖҮРМЕЙДІ
Толығырақ...
ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:46, 16 қазан 2020
ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...