ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІГЕ ТӘУЕЛДІЛЕР ҚАТАРЫ АРТҚАН

13:20, 12 ақпан 2019

Синтетикалық есірткі! Қостанайлық нарколог-дәрігерлер тағы бір улы зат түрінің пайда болғанын айтып дабыл қағуда. Әсері нашадан аспаса, кем түспейтін ол адам өміріне аса қауіпті. Полицейлер жауапқа тартқанмен, жазалауға қауқарсыз. Себебі, заң осал. Ал, облыста оған тәуелділер саны күн сайын арта түсуде.

Құрамында түрлі психотропты заттардан бастап тышқан уы мен ит-мысықты емдейтін дәрілер бар «синтетикалық есірткі» адамды ақылынан адастырып, бей-берекет билеуге, тоқтаусыз көңіл-көтеруге итермелейді. Нарколог-дәрігерлердің айтуынша, есірткінің бұл жаңа түрі Ресейден келген. 

Осы күні облыстық наркологиялық деспансерде екі мыңға жуық адам есепте тұр. Бұл - нашақорлардың тек ресми көрсеткіші ғана. Аңдаусызда татып көріп, артынша тәуелділіктен арыла алмай қалғандар саны қаншама.  Иісі де, дәмі де жоқ «синтетикалық есірткі» химиялық қоспадан жасалған. Дәрігерлер, дәніккеннің денесін көп ұзатпай ірітіп жіберетінін айтуда.

Бүгінде «синтетикалық есірткі» психотроптық және наркотикалық заттар тізіміне енгізілмеген. Сондықтан құзіретті органдар онымен күресуге қауқарсыз. Сәйкесінше,  дәрмен де пәрмен де жоқ. Полицейлер синтетикалық нашаның әсері марихуанадан  да әлдеқайда күшті екенін айтып дабыл қағуда.

Есірткі сату делдалдары бүгінде ғаламторды да жаулап алған. Көпқабатты үйлер мен ғимараттардың қабырғаларында қаптап тұрған жасырын жарнамаларды жою жолында жұмыла жұмыс істеуіміз керек дейді полицейлер. 

Өткенге өкініп, өз өмірін өксіткен жасөспірімдерді қоғамдық кеселден қорғау – ортақ міндет. Егеменді елдің ертеңін есті етіп тәрбиелеуде – жұмыла жұмыс істеуге шақырады мамандар.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ НӘТИЖЕ БЕРЕ БЕСТАДЫ
20:40, 19 наурыз 2019
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ НӘТИЖЕ БЕРЕ БЕСТАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА АВИАЦИЯЛЫҚ ТІКҰШАҚ ҚЫЗМЕТКЕ КІРІСТІ
20:31, 13 наурыз 2019
ОБЛЫСТА АВИАЦИЯЛЫҚ ТІКҰШАҚ ҚЫЗМЕТКЕ КІРІСТІ
Толығырақ...
ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН: САНДЫҚ ЖҮЙЕ, САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ!
20:44, 12 наурыз 2019
ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН: САНДЫҚ ЖҮЙЕ, САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар