ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

20:16, 20 қаңтар 2020

Қыс мезгілі - түрлі вирусты аурулардың да өршитін кезі. Бірақ, соған қарамастан, өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Улану немесе инфекциялық аурулардың өршуі тіркелген жоқ деп санитар мамандар мәлімдеді. Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті 2020-ші жылға арналған міндеттер туралы брифинг өткізді. Толығырақ тілші бейнематериалында.

Қаңтар мен ақпан айлары әдетте тұмаудың белең алатын кезі. Күз айында дәрігерлер оның алдын алу жолдарын көпшілікке түсіндіріп, екпе жасауға кеңес берген. Қазір эидемиологиялық ахуал тұрақты. Өткен жылдың сәуір айынан бастап елімізде 9- 11 айлық балаларды қызылшаға қарсы вакциянациялау жүргізілуде. Пайызбен өлшесек нәрестелердің 97,5 пайызы тиісті екпе алды.

Екпе дерттен қорғай ма? Бұл сауалға келгенде жұртшылықтың пікірі екіге бөлінеді. Қазір елімізде екпеден бас тартқандар саны 14 мыңға жуықтаған. Дені созылмалы ауруды асқынып кетеді деп қорықса, тағы бірқатары діни сенім-нанымды желеу етеді.

Тұмау және жедел респираторлық вирусты инфекция ауруларының  күрт өсуінің ақпан айына сәйкес келуін, дәрігерлер иммуннитеттің төмендеуімен байланыстырады. Бұған ағзадағы дәрумендер қоры мен минералдық заттардың азаюы да әсерін тигізбей қоймайды.

Жұқпалы аурулардың арасындағы ең жиі тіркелетіні тұмау жұқпасы, оған дәлел  әлемдік есепке алу жүйесі, жыл сайын жер шарында 3-5 миллион адам тұмау ауруымен ауырып, 300-500 мыңға жуығы осы аурудың асқынуларынан көз жұмып кетеді. Сондықтан, сала мамандары әр адам өз денсаулығына жауапты екенін ескертеді.

Тақырып бойынша материалдар

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»: АМБУЛАТОРИЯ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ
20:30, 26 ақпан 2020
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»: АМБУЛАТОРИЯ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...