ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

20:39, 12 желтоқсан 2019

Қостанай қаласында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған орталық ашылды. Бұл орталық әр жыл сайын 100-ден астам дамуында ауытқушылығы балаларға қызмет көрсететін болады. Ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев қатысты.

Бұған дейін балалар үйі болған ғимарат енді ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы болды. Мұнда кез келген баланың бірқалыпты және жан-жақты дамуына бағытталған қажеттінің бәрі бар. Ата-аналарға кеңес беріледі және психологиялық қолдау көрсетіледі.

Орталықтың тағы бір ерекшелігі - әр баланы оңалту мен дамытуға арналған жеке даму жолы әзірленеді. Мұқтаж жандарға арналған нысанды қайта жабдықтауға 20 млн теңге жұмсалған. «Енді бүлдіршіндеріміз білікті мамандардың демеуімен қатардан қалмай тиісті деңгейде білім ала алатын болады»,-деді ашылу рәсіміне аранайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев.

Жалпы, Қостанай облысында 10 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі бала есепте тұр.Орталық Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы отбасы мен бала институтын қолдау және инклюзивті қоғамды құру бойынша міндеттерін іске асыру мақсатында ашылды. Әлеуметтік нысанда облыстың барлық өңірлерінен 18 жасқа дейінгі балалар сапалы кешенді психологиялық-педагогикалық түзету және оңалту көмегін ала алады.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
20:22, 28 мамыр 2020
ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ АРТҚАН
20:09, 16 қыркүйек 2020
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ АРТҚАН
Толығырақ...