ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН 2 АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҢ ЖАҢА БАС САНИТАР ДӘРІГЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

20:36, 12 қаңтар 2021

Қостанай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып Ермұханбет Дәулетбаев тағайындалды, деп хабарлайды аталмыш Департаменттің баспасөз қызметі.

Ермұханбет Дәулетбаев өңірдің бас санитар дәрігері қызметін де қоса атқарады. Ол Қарабалық ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы болған. Осыған дейін Қостанай облысының бас санитар дәрігері болған Владимир Нечитайло ведомство басшысының орынбасары қызметінде қалды. Ермұханбет Дәулетбаев жаңа жұмысына 2021 жылғы 6 қаңтарда кірісті. Айта кетейік, Қостанай облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментін Орал Бекмағамбетов басқарған болатын. Қазір ол Қостанай облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы лауазымын атқарады.

Тақырып бойынша материалдар

ОҢАЛТУ ҚҰРАЛДАРЫНА ТЕҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК
20:55, 19 қаңтар 2021
ОҢАЛТУ ҚҰРАЛДАРЫНА ТЕҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛҒАНДАР ОҢАЛТУДАН ӨТЕ АЛАДЫ
20:54, 19 қаңтар 2021
КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛҒАНДАР ОҢАЛТУДАН ӨТЕ АЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕНДЕР ҚАТАРЫ АРТҚАН
20:36, 14 қаңтар 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕНДЕР ҚАТАРЫ АРТҚАН
Толығырақ...