ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН БІР АЗАМАТ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА КОРОНАВИРУС ТІРКЕЛМЕГЕН

20:28, 20 наурыз 2020

Дүмпуі дүниежүзін дүрліктірген дерт Қостанай облысында тіркелмеген. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы баяндады. Алайда, індеттің алдын алу шаралары жалғаса бермек. Осы орайда облыс көлемінде тиісші жұмыстардың атқарылып жатқандығын жеткізді ведоство басшысы.

Жаһанды жайлаған жұқпалы індет Қостанай облысында тіркелген жоқ. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Алайда, ауру айтып келмейді. Сондықтан арқаны кеңге салуға болмайды. Қауіпті дертке қарсы қауіпсіздік іс-шараларын күшейту үшін облыста  тиісті қам-қарекет жасалуда. Аты жаман дерттің алдын алу мақсатында медицна өкілдері  мейлінше мұқияттылық танытуда, -  дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Жалпы алғанда, Қостанай облысында вирус жұқтырған адамдарға арналған 695 төсек-орын жасақталған. Инфекциялық стационарлар Қостанай облыстық ауруханасы мен Рудный қалалық ауруханасының базасында орналасқан. Сырттан келгендерді оқшаулауға арналған провизорлық стационар Тобыл қаласында дайынладған. Сондай-ақ, «Дружба» шипажайында және Қарабаев оңалту орталығында карантиндік резервтер әзірленген екен.

Осы күні облыста Ресей Федерациясымен шекарада 8 санитарлық-карантиндік пункт құрылды, онда тәулік бойы медицина қызметкерлері, эпидемиологтар және шекара қызметтері жұмыс істейді. Айта кетейік, қауіпсіздік шараларын күшейте түсу мақсатында бюджеттен қосымша 2 млрд 100 млн теңге қаржы бөлінді. Ол мәслихат депутаттарының сессиясында мақұлданған.

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС:  КӨМЕК АЛУ МҮМКІНДІГІ ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН ҰЗАРДЫ
20:36, 1 сәуір 2020
МӘМС: КӨМЕК АЛУ МҮМКІНДІГІ ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН ҰЗАРДЫ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:27, 20 наурыз 2020
ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЖ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАМАСЫН БАЛАЛАР ҚОЛДАУДА
20:47, 1 сәуір 2020
ТЖ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАМАСЫН БАЛАЛАР ҚОЛДАУД...
Толығырақ...