ШҰҒЫЛ! ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ БОЛАТЫНЫН МӘЛІМДЕДІ Толығырақ

ОБЛЫСТА АВИАЦИЯЛЫҚ ТІКҰШАҚ ҚЫЗМЕТКЕ КІРІСТІ

20:31, 13 наурыз 2019

Әуедегі жедел жәрдем. Облыста арнайы мамандандырылған емдеу-диагностикалық тікұшақтары ауылдарды аралап, тұрғындарға медициналық көмек көрсете бастады. Қостанайда санитарлық авиация қызметі іске қосылды. Әуе кемесінің бұл түрі арнайы медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Инара Барсақбаеваның репортажы.

Шалғайдағы ауылдарда ауыр хәлде жатқан науқастарды облыс орталығына тасымалдауға мүмкіндік бар. Облысымызда  әуе  жедел жәрдемі  жұмысын бастады. Мына менің артымда тұрған тік ұшақ қазір Денисов ауданына аттануға әзірлік үстінде.

Санитарлық авиация қызметі қызу жұмысқа кірісіп кетті. Науқас емдеу мекемесіне неғұрлым ерте жеткізілсе оның өмірін құтқаруға соғұрлым мүмкіндік бар. Әуе жолымен жылдам жететін  тік ұшақтың көмегі мол. Өйткені, ауа райының қолайсыздығына қарамастан санитарлық авиация    сырқаттарға жедел әрі сапалы көмек бере алады. 

Науқастарды қауіпсіз тасымалдауға арналған санитарлық  әуе кемесі қажетті медициналық техникамен жарақталған. Жасанды өкпе желдетілуі, 1,5 – 2 сағатқа жететін  оттегі қоры бар.Бұнда  жылы әрі жайлы.

Тік ұшақтың тізгігін ұстаған ұшқыштар  да өздеріне жүктелген жауапкершілікті жақсы сезінеді. Әуе кемесінің бұл түрі сырқат жандарды тасымалдау бойынша ең тиімді болып келеді.

Санитарлық тік ұшақ арқылы осы күнге дейін ондаған науқас  ауруханаға жеткізіліп,   медициналық қызмет көрсетілген. Бүгінде әуе жедел жәрдемін тек дамыған мемлекеттер ғана жүзеге асып отыр. Ал,  енді міне өңірде де жаңадан қолданысқа берілген тікұшақ сырқат жандардың өмірін сақтап қалуға  септігін тигізбек.

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:40, 17 сәуір 2019
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ
20:35, 9 сәуір 2019
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ұлттық спортты дамытуға қолдау көрсетілуде
16:12, 15 сәуір 2019
Ұлттық спортты дамытуға қолдау көрсетілуде
Толығырақ...