ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН. ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ Толығырақ

ОБЛЫС ДӘРІГЕРЛЕРІ ЛАПАРОСКОПИЯЛЫҚ ОТА ЖАСАУ ӘДІСІН МЕҢГЕРУДЕ

20:52, 13 қазан 2020

: Ғылым бір орында тұрмайды. Әсіресе медицина саласында жаңа әдістер жиі пайда болып жатады. Сондықтан бұл салада тәжірибе алмасудың маңызы зор. Мамандардың айтуынша, лапароскопия – науқастың ішкі ағзасына ота жасау үшін тілік жасамай емдейтін хирургияның жаңа әдісі. Бұл тәсілмен ота жасалған емделуші бір-екі күн ішінде аяққа тұрып кетеді екен. Ал бүгінде елімізде адамның іш құрылысына жасалатын оталардың басым бөлігі ашық түрде, яғни тілік жасау арқылы жүзеге асырылады. Жаңа әдісті облыс дәрігерлеріне үйрету мақсатында өңірімізге Қарағанды медициналық университетінің профессоры Қайрат Шакеев арнайы келді.

Кез келген науқас онсыз да ауырып, мазасы кетіп тұрған соң, ең жеңіл тәсілмен ем алғысы келеді. Ал лапароскопиялық технология арқылы науқастың денесін ешбір тілусіз емдеуге болады. Тек бір-екі жерден көлемі 0,5-1,5 см болатын саңылаулар жасалады. Бұндай тәсіл емделушінің қалыпты жағдайға келуін тездетеді. Ал дәстүрлі жолмен жасалатын отада науқастың қалыпқа келуі 8-9 тәулікке созылады.

Бұған дейін мұндай шеберлік сабақтары республикамыздың ірі қалаларында және өзге аймақтарында болған. Алдағы уақытта Орта Азия елдерінің мамандарымен де тәжірибе алмасу қарастырылған.

Айта кетейік, профессордың шеберлік сабағы қазанның 12 мен 16 аралығында өтеді деп жоспарланған. Оның қорытындысына сәйкес, облыстың хирург дәрігерлері арнайы сертификаттармен марапатталатын болады.

 

Гауһар Асанбек

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
20:24, 29 қазан 2020
МӘМС ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Толығырақ...
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ БОЛМАУЫ МАҢЫЗДЫ
20:23, 29 қазан 2020
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ БОЛМАУЫ МАҢЫЗДЫ
Толығырақ...
АУРУХАНА ЖАҢА ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
20:27, 28 қазан 2020
АУРУХАНА ЖАҢА ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
20:32, 27 қазан 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
20:28, 27 қазан 2020
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
20:32, 26 қазан 2020
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
Толығырақ...