ШҰҒЫЛ! ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

НЕОНАТОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

20:46, 20 қараша 2019

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл сайын жер шарында 15 миллионға тарта нәресте шала туылса, Қазақстанда әрбір оныншы бала айы-күні толмай, уақытынан бұрын өмірге келеді. Статистикалық мәліметтер балалардың шала туылуы азаймай отырғандығын көрсетеді. Дегенмен, өңірімізде шақалақтардың өмірін сақтап қалу көрсеткіші жыл санап артып келеді. Бұл туралы мерзімінен бұрын туған бөбкектердің аналары бас қосқан жиында өңіріміздің неонатолог мамандары мәлім етті.

Бұл – айы-күні толмай, уақытынан бұрын дүниеге келген сәбилер. Олардың арасында салмағы 500 граммға жетпей туылған шақалақтар да бар. Қостанайлық Әлия Рысмұхамедова осыдан 4 жыл бұрын 696 граммдық сәбиді жүктіліктің 26-шы аптасында мерзімінен бұрын дүниеге әкелген. Қазір ана мен баланың ахуалы тұрақты. Заманауи медицинаның арқасында 4 жасар Айдардың өзге балалардың еш айырмашылығы жоқ дейді анасы.

Статистикалық мәліметтер балалардың шала туылуы азаймай отырғандығын көрсетеді. Дегенмен, өңірімізде шақалақтардың өмірін сақтап қалу көрсеткіші артып келеді. Осыдан бес-алты жыл бұрын шала туған нәрестелердің тек жартысына жуығын аман алып қалу мүмкін болса, қазір бұл көрсеткіш анағұрлым артып, шақалақтардың 87-88 пайызы ширап кететін деңгейге жеткен. Облыстық перинаталды орталықтың медицина мамандары өмір есігін ерте ашқан балалар ерекше күтімді, сапалы емдеуді, ұзақ уақыт бақылауды қажет ететіндігін айтады. Мұндай олқылықтардың алдын-алу үшін, мамандар жүктілікке жоспарлы түрде дайындаолған абзал дейді.

Перзентхана қызметкерлері шала туылған нәрестелердің халықаралық күнін атап өтуді дәстүрге айналдырған. Олардың өмірін аман сақтап қалып, дені сау етіп жетілдіру — ақ халаттылардың басты міндеті. Сондықтан бұл мерекенің дәрігерлер үшін де маңызы зор. Мерзімінен бұрын дүниеге келген баланың организмі толық жетілмегендіктен қан айналымы да әлсіз. Мереке аясында, тоңғақ бөбектерді жылытуды мақсат еткен «28 ілмек» клубы аналарға тоқыма киімдер тарту етті. Осылайша бұл күн балғындар үшін ерекеше құрметке, қызыққа толы күн болды. Ал игілікті іске мұрындық болған перинаталдық орталық қызметкерлеріне ата-аналар өз алғыстарын білдіріп жатты.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ: ҚОРҒА 9 МЛРД ТЕҢГЕ ЖИНАЛДЫ
20:36, 12 желтоқсан 2019
МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ: ҚОРҒА 9 МЛРД ТЕҢГЕ ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
20:50, 11 желтоқсан 2019
А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
20:53, 9 желтоқсан 2019
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...