ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН. ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ Толығырақ

МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20:39, 14 қазан 2020

Қостанай облысы әлеуметтік медициналық сақтандырылмағандардың көрсеткіші бойынша республикада қызыл аймаққа енген. Бұл туралы «Әлеуметтік сақтандыру қоры» Қостанай облысы бойынша филиал директоры Сәуле Аймұхамбетова айтты. Деректерге сүйенсек, аймақтағы сақтандырылмаған тұрғындардың саны 17 985 адамды құрайды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қызмет алу үшін «сақтандырылған» мәртебесін алу керек. Алайда, азаматтар сақтандырылуға асығатын емес.

Әр ай сайын сақтандырылмағандардың саны азаю керек, бірақ өкінішке қарай Қарабалық ауданында тамыз айында олардың саны 38 адамға артқан. Облыс бойынша сақтандырылмағандардың басым бөлігі орталықта, Қостанай қаласының өзінде орналасқан, бұл халықтың 30,7%-ын құрап отыр.
 

Облыста сақтандыру мәртебесін алмағандардың қатарында 15 мыңнан астам зейнет жасындағы азаматтар да бар. Олар – ҚР тұруға ықтиярхат алған, алайда зейнетақыны Ресей Федерациясында алатын азаматтар.
 

Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша облыста 22 611 жалдамалы қызметкер бар, яғни олар үшін жарналар жүйесіз түседі, тиісінше олар сақтандырылмаған. Сондықтан Әлеуметтік сақтандыру қоры меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдардың жұмыс берушілері мен бухгалтерлерін fms.kz сайты арқылы 1406 байланыс орталығына хабарласып, қызметкерлердің мәртебесін тексеруге шақырады.

 

Гауһар Асанбек

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
20:24, 29 қазан 2020
МӘМС ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Толығырақ...
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ БОЛМАУЫ МАҢЫЗДЫ
20:23, 29 қазан 2020
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ БОЛМАУЫ МАҢЫЗДЫ
Толығырақ...
АУРУХАНА ЖАҢА ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
20:27, 28 қазан 2020
АУРУХАНА ЖАҢА ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
20:32, 27 қазан 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
20:28, 27 қазан 2020
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
20:32, 26 қазан 2020
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
Толығырақ...