ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

МӘМС ЖҮЙЕСІ: ҚЫМБАТ ОТАЛАР ТЕГІН ЖАСАЛАДЫ

20:18, 20 қаңтар 2020

Енді қарапайым халық жүрекке ота жасау, органдарды трансплантациялау және тағы да басқа қымбат процедураларға қол жеткізе алады. Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтарының бірі. Сарапшылар бұл жаңашылдықтың халыққа тиімділігі жоғары деген пікірде. Енді халық басы ауырып, балтыры сыздағанда теін медициналық көмекті қалай алады? Бұл туралы тілшіміз әңгімелейді.

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап «Міндетті әлеуметтік медицианлық сақтандыру» жүйесі енгізілді. Мұның арқасында халық әлдеқайда көп медициналық қызметтер алуда. Мәселен, Қайрат Жүсіпов нейрохирургиялық бөлімнің пациенті. 2 апта бұрын ақ халаттылар жасаған күрделі ота сәтті өтті. Қазір науқастың жағдайы бір қалыпты.

Бұл жоғары технологиялық отаның құны 4 млн теңге. Алайда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында науқасқа ота тегін жасалынды. Енді облыстық аурухананың базасында науқастарға жедел көмек ретінде ғана емес, жоспарлы түрде іске асырылатын, құны қымбат тұратын медициналық қызметтер тегін көрсетіледі  

Айта кету керек, ағымдағы жылдың сәуір айына дейін еліміздің барлық азаматтары шартты түрде сақтандырылған болады. Яғни, олар дәрігерлік көмекті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шарты аясында алады. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмысыздар ай сайын 2125 теңге көлемінде жарна төлеп тұруы керек. Төлемді кез келген банк немесе терминал арқылы жүргізуге болады. Ал, зейнеткерлерге, балаларға, мүгедектерге, студенттерге, жүкті әйелдерге барлық медициналық қызмет мемлекеттің есебінен көрсетіледі.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, сондай-ақ жарналарды төлеу, ол бойынша қарыздың қаншалықты екенін 1406 нөміріне бірыңғай Кол-орталықтан білуге болады.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»: АМБУЛАТОРИЯ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ
20:30, 26 ақпан 2020
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»: АМБУЛАТОРИЯ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...