ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

МӘМС: ҚОРҒА 1 МЛРД. 292 МЛН. ТЕҢГЕ ЖАРНА ТҮСТІ

20:00, 11 наурыз 2020

Медициналық сақтандыру жүйесі қысқа уақытта тиімді екенін көрсетті. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сала мамандары екі айда атқарылған жұмыстардың қорытындысын жария етті. Айтуларынша, жыл басынан бері қорға 1 млрд. 292 млн. теңге жарна аударылған.

1-ші қаңтардан бастап енгізілген жүйе қазірдің өзінде медициналық қызметтің сапасын арттырып, бұрын ақылы болған диагностикалық қызметтерді қолжетімді ете түскен. Мәселен, МРТ-дан өту үшін бұрын науқастар айлап кезек күтетін. Енді бұндай қызмет көрсетушілердің қатарына жекеменшік тағы бір клиника қосылды. Жалпы биыл қор 59 емдеу мекемесімен келісімшарт жасасқан.

Жыл басынан бері облыс бойынша қорға 229 769 адамнан 4 млрд. 292 мың теңге жарна түскен. 15-ші санаттағы 409 мың азамат үшін мемлекет тарапынан жарна төленді. Яғни, мемлекет тұрғындардың жартысынан астамын сақтандырумен қамтамасыз етеді. Жалпы, жаңа заң тиімді түрде іске асуда, оның артықшылықтары көп, дейді мамандар. Мысалы, сақтандырудың нәтижесінде денсаулық саласында қағазбастылық азаюда. Медициналық мекемелерден талап етілетін қаптаған құжаттар қысқарады.

Сондай-ақ, барлық азаматтар кепілдендірілген тегін медициналық көмек ретінде ұсынылатын қызмет түрлерін пайдалана алады. Бұған әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу ғана емес, екпе егу, шұғыл көмек, жедел жәрдем мен санитарлық авиация қызметі кіреді.  Кез келген адам шұғыл көрсетілімдер бойынша стационарлық әрі амбулаторлық көмекке жүгіне алады.

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
20:22, 28 мамыр 2020
ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
Толығырақ...
ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:33, 27 мамыр 2020
ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«QAZAQSTAN» ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫНАН «ЖАҚСЫЛЫҚ» КӨРКЕМ ФИЛЬМІ КӨРСЕТІЛЕДІ
09:15, 3 тамыз 2020
«QAZAQSTAN» ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫНАН «ЖАҚСЫЛЫҚ» КӨРКЕМ ФИЛЬМІ КӨ...
Толығырақ...