ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

МӘМС: ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КӨМЕК ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛМАҚ

20:27, 4 наурыз 2020

Облыста Медициналық сақтандыру жүйесін енгізу қалай жүріп жатыр? Бұл сұрақтарға баспасөз мәжілісінде сала мамандары жауап берді. Жаңа жүйе шеңберінде мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтарына, жұмыс берушілер жалдамалы қызметкерлеріне, ал жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өздеріне жарна төлейтіні белгілі. Аймағымыз бойынша 409 мың адам мемлекет тарапынан тегін сақтандырылады. Және тың жүйе аясында консультациялық – диагностикалық көмек те қолжетімді болмақ.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде  медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. Саланы қаржыландыру көлемі  15 млрд теңгеге өсіп 55 млрд теңгені құрады.  Медициналық қызмет көрсететін мұйымдармен тиісті келісімдер жасалды.

2020 жылдан бастап  жұмыс берушілер қорға 2 % есебінде төлемдер жасайды. Медициналық сақтандыру жүйесі аясында  әлеуметтік тұрғыдан осал халықтың 15 санаты заңмен анықталған. Бұл зейнеткерлер, мүгедек бала бағып отырғандар мен жұмыссыздар және тағы басқалары. Облыс бойынша бұл  шамамен 409 мың адам  мемлекет тарапынан сақтандырылады.

Стоматологиялық көмек толығымен Медициналық сақтандыру пакетіне енгізілді және  тек жекелеген жеңілдікті санаттарға ғана көрсетіледі. Жүкті әйелдер мен 18 жасқа дейінгі балалар тегін көмекке ие. Медициналық сақтандыру жүйесі бойынша бүгінгі ақпараттық- түсіндіру жұмыстарға жүйелі түрде жүргізілуде. Азаматтарға арналған Бірыңғай байланыс орталығы бар. 1414 нөмірі арқылы тұрғындар медициналық сақтандыру бойынша толғандырған сұрақтарын жолдай алады.

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
20:22, 28 мамыр 2020
ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
Толығырақ...
ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:33, 27 мамыр 2020
ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...