ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ: АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ҚАНДАЙ?

20:34, 16 қаңтар 2020

Қазақстандықтардың 97 пайызы – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қатысушылары. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда іске қосылған бұл жүйе халық арасында көп сұрақтар тудыруда. Осыған орай, еліміздің денсаулық сақтау вице-министрі сала мамандарымен бірге өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте толығырақ айтып берді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізудің қандай да бір айтарлықтай нәтижелері туралы айту әзірге ерте, дегенмен, пациенттердің көпшілігі қазірдің өзінде мемлекеттік емханаларда қызмет көрсету жақсарғанын, консультациялық-диагностикалық көмек айтарлықтай қолжетімді бола түскенін айтады. Осыған дейін адамдарға өз қалтасынан төлеуге тура келген барлық ақылы диагностика, оның ішінде МРТ, КТ, ПТР секілді қымбат зерттеулер, толығымен тегін көрсетілетін болды.

Екі жыл кейінге шегеріліп барып іске қосылған жаңа жүйеге қатысты туындап жатқан сұрақ көп. Соның ең негізгісі  жарна мәселесіне қатысты. Жұртшылықты мазалаған маңызды сұраққа «Әлеуметік медициналық сақтандыру қорының»  басқарма төрағасының орынбасары жауап берді.

Енді тұрғындарға құжат тасып жүрудің қажеті жоқ. Науқаста медициналық сақтандырудың бар-жоғын дәрігерлер электронды жүйе арқылы біліп отырады. Бұл дәрігерлерді қағазбастылықтан құтқарады әрі жұмыстың сапасы артады. Жаңа жүйенің халыққа берер мүмкіндігі көп. Қостанай өңірі бұл жүйені іске асыруға толғымен дайын.

Барлық алғашқы медициналық-санитарлық, шұғыл және жедел көмек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде қалды. Әрбір адам, бұрынғысынша, тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігердің қабылдауына жазыла алады, базалық анализдер мен диагностикаға, ауруды бақылау және емдеу бойынша дәрігердің консультациясына жолдама ала алады. Сақтандыру ережесінде мүгедек, зейнеткер, көпбалалы отбасы секілді 15 санатқа жататын азаматтар жарна төлеуден босатылған. Олар үшін жарнаны мемлекет төлейді. Қалған азаматтар медициналық сақтандыру жүйесіне қатысулары тиіс.  

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
20:22, 28 мамыр 2020
ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
Толығырақ...
ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:33, 27 мамыр 2020
ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
22:10, 1 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...