ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙДА ЗАМАНАУИ ҚОНАҚ ҮЙ ЖӘНЕ 20 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ Толығырақ

Медициналық мекемелер ақпараттық жүйеге көшіріледі

13:00, 12 қаңтар 2018

Елбасы Жолдауының басым бағыттарының бірі – барлық саланы цифрлық технология жүйесіне көшіру. Бұл ретте, ауылдық жерлердегі амбулаторияларға да бірыңғай ақпараттық жүйе енгізіледі. Алтынсарин ауданында болған Парламент Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов медицина қызметкерлеріне оның артықшылығын түсіндірді. Және елді мекендердегі емдеу мекемелерінің қажетті қондырғылармен жабдықталып, интернетке қосылатынын айтты.

Кең, әрі жарық, науқастарды емдеуге барлық жағдай жасалған Щербаков ауылындағы амбулатория 2014 жылы қолданысқа берілген. Екі мыңға жуық тұрғыны бар ауыл үшін әлеуметтік нысанның маңызы зор. Басы ауырып, балтыры сыздаған жандар аудан орталығына бармай-ақ, осы бөлімшеден қажетті ем-домын ала алады. Дәрігерлік амбулатория бір ауысымда 25 науқасты қабылдайды, 5 кереуеттік күндізгі стационар жұмыс істейді. Мұнда 2 дәрігер, 3 медбике тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Депутат дәрі-дәрмектердің тегін берілуіне ерекше назар аударды. Мамандардың айтуынша, жыл сайын тізімдегі науқастардың санына байланысты қажетті дәрі-дәрмек жылына екі рет жеткізіледі екен. Алайда, бұл тым ұзақ мерзім екенін алға тартады дәрігерлер.

Медициналық мекемелерді қағазбастылықтан арылту. Құжаттарды жаппай электронды форматқа, яғни, алдағы бір екі-жылда амбулаторлық карталар, ауру тарихы және дәрілік жазбаларды электронды жүйеге көшіру.  Компьютермен жабдықтау. Шалғай ауылдардағы медициналық мекемелердің барлығына интернет желісін тарту. Мәжілісменнің айтуынша, Елбасы тапсырмасына сәйкес, саланы осындай ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық қызметтің бәсекеге қабілеттілігі сияқты мәселелер де айрықша назарда, деді депутат.   

Тақырып бойынша материалдар

СЕНАТОРЛАР ҚОСТАНАЙҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
20:30, 23 сәуір 2018
СЕНАТОРЛАР ҚОСТАНАЙҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БАЛА ТУУ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:33, 19 сәуір 2018
ОБЛЫСТА БАЛА ТУУ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
ЦИФРЛАНДЫРУ МЕДИЦИНА САЛАСЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ
20:30, 18 сәуір 2018
ЦИФРЛАНДЫРУ МЕДИЦИНА САЛАСЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар