ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ АРТПАҚ

20:03, 17 қаңтар 2020

Компьютерлік томография және магниттік-резонанстық томография қызметі Міндетті әлеуметтік сақтандырудың арқасында қазақстандықтар үшін 2020 жылдан бастап тегін көрсетіледі. Бар болғаны, жеке отбасылық дәрігерден тексеруден өтуге жолдама қағаз алу жеткілікті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров айтты.

Бүгіндері қызметтерді бөлу тетігі әзірленіп қойылған. Барлық жолдама қағаздар мен тағайындаулар емханадағы отбасылық дәрігерден басталуы тиіс. Нақ солар диагноз қойып, қандай тексерулерден өту керектігі жөнінде шешім шығарып, сіздің денсаулығыңызды бақылауға алады. Салалық маманды таңдау пациенттің қалауына байланысты болады. Дәрігерді немесе ұйымды таңдай отырып, пациент аумақтық орналасуын қарамауы мүмкін. Дәрігер оны МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді жеткізушілердің тізіміне кіретін кез келген клиникаға жібере алады. Бұл тетіктер бүгінде нақты жазылып көрсетілген.  Қызмет көрсетушілердің жалпы саны 2020 жылы 2 096 медициналық ұйымды құрады, оның ішінде 62%-ы — жеке, 38%-ы –  мемлекеттік мекемелер. Әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу нәтижесінде денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті 2020 жылы 1,6 трлн теңгені құрайды, медициналық көмек көлемінің бір жарым есе ұлғаюы мен амбулаториялық-дәрі-дәрмектік қамтамасыз ету  194,2 млрд теңгеге ұлғайтылды.  Барлық сұрақтар бойынша халыққа кеңес беру үшін 1406 бірыңғай call-орталығы ұйымдастырылған. 

Тақырып бойынша материалдар

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»: АМБУЛАТОРИЯ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ
20:30, 26 ақпан 2020
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»: АМБУЛАТОРИЯ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...