ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ: ҚОСТАНАЙ МЕН РУДНЫЙҒА КІРІП-ШЫҒУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ Толығырақ

МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ТҮСІНДІРІЛДІ

20:37, 16 қаңтар 2020

Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров пен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» басқармасы төрағасының орынбасары Марат Шоранов Әулиекөл ауданынына барды. Аудандық аурухана ғимаратында жергілікті жұртшылықпен кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтарды түсіндірді.

Бас шаһардан келген өкілдер алдымен Әулиекөл аудандық ауруханасын аралап, дәрігерлер жұмысымен жақынырақ танысты. Науқастардың хал-жағдайын сұрады.  

Тұрғындарды не мазалайды? Вице-министр мен қор төрағасының орынбасары көпшілік көкейіндегі сұрақтарға жауап берді.

Марат Шоранов өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың Бірыңғай әлеуметтік төлем арқылы төлеу мүмкіндігі барын түсіндірді. Төлемнің бір бөлігі медициналық сақтандыруға аударылады. Ауыл тұрғындары үшін бұл сома 1200 теңге шамасында.

Қазақстан үкіметі 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін қызметтер тізімін бекіткен болатын. Бұл қызметтерге ел қазынасынан 1 млрд 620 млн теңге қарастырылды.

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЕМХАНАДА ІНДЕТПЕН КҮРЕСУГЕ ДӘРІГЕРЛЕР ДАЙЫН
20:13, 18 қараша 2020
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЕМХАНАДА ІНДЕТПЕН КҮРЕСУГЕ ДӘРІГЕРЛЕР ДАЙЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛДАРДЫ ГАЗДАНДЫРУҒА БИЫЛ 3,32 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
20:34, 20 қараша 2020
АУЫЛДАРДЫ ГАЗДАНДЫРУҒА БИЫЛ 3,32 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН. СҮТ ӨНІМДЕРІ ШЕТЕЛ НАРЫҒЫНДА СҰРАНЫСҚА ИЕ
20:13, 19 қараша 2020
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН. СҮТ ӨНІМДЕРІ ШЕТЕЛ НАРЫҒЫНДА СҰРАНЫСҚА...
Толығырақ...