ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР «КОММУНАЛДЫҚ ЛАҢКЕСТІК» ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ Толығырақ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

20:37, 22 қараша 2019

ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында Қостанай өңірі көлемінде көптеген келелі іс-шаралар мен мерекелік бағдарламалар көрініс тауып жатыр. Солардың бірі ретінде мемлекеттік мейрам аясында медицина мамандарына жасалған сый-сияпатты айтуға болады. Осы орайда облыс әкімі денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне баспана кілтін табыстап, жедел жәрдем станциясына бес бірдей реанимобиль көлігін сыйлады.

Заречный ауылы Северный шағын ауданында ондаған медицина қызметкерлері үшін, соның ішінде, Жанар Хапур үшін үлкен қуаныш. Қостанай аудандық ауруханасының балалар дәрігеріне мереке қарсаңында облыс әкімі пәтер кілтін табыстады. Көптен күткен қуанышты сәттің куәсі болған дәрігерлер алдында өңір әкімі елімізде медицина саласына қаншалықты көп көңіл бөлініп жатқандығын айтты.

Осы күні облыста 15 мың медицина қызметкері жұмыс істейді. Жас мамандарды тарту ісі де ілгерілеп келеді. Қазіргі таңда Қостанай облысына 250 маман қоныс аударған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 150 адамға көп деген сөз. Дәрігерлерді баспанамен қамту мақсатында қазіргі таңда 118 пәтер кілті табысталған.

Денсаулық сақтау саласын жетілдіре түсу үшін биыл 53 млрд теңге бөлінді. Өткен жылы ол 46 млрд теңге болатын. Демек, дәрігерлерге көрсетіліп жатқан қолдау жыл сайын артып келеді. Саланың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін осы жылы 2 млрд 200 млн теңге қарастырылған. Ол ақшаға соңғы үлгідегі реанимобильдер сатып алынып жатыр. Мереке қарсаңында облыстық жедел жәрдем станциясына бес реанимобиль тарту етілді.

Облыста жедел жәрдем көлігі мәселесін біржақты ету мақсатында реанимобильдер шағын шаһарларға да жіберілетін болады. Енді Рудный, Лисаков, Арқалық және Жітіқара қалаларында заманауи медициналық көліктер тұрғындар денсаулығын дер уақытында жіті қадағалауға қауқарлы дегенді айтады сый-сияпатқа кенелген сала мамандары.

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ
20:50, 29 қараша 2019
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
20:25, 5 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...