ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

МЕДБИКЕЛЕРГЕ БАКАЛАВР ДИПЛОМЫ ТАБЫСТАЛДЫ

20:32, 2 наурыз 2020

Қостанай Медициналық колледжінде 48 түлекке «Мейірбике ісі» бойынша қолданбалы бакалавр дәрежесіндегі диплом табысталды. Олардың 20 шақтысы аудандарда жұмыс істейтін тәжірибелі мамандар. Салтанатты шарада денсаулық сақтау саласының өкілдері бакалавриаттың маңыздылығын атап өтті. Айтуларынша, бұл қызмет сапасын арттырып, дәрігердің жүктемесін азайтады.

Гүлмира Өтебаева 13 жылдан бері Бейімбет Майлин ауданындағы орталық ауруханада  бас мейірбике қызметін атқарып жүр. Денсаулық сақтау саласы жылдан жылға дамып келеді, біз де біліктілігімізді арттырып отыруымыз керек, деп есептейді. Сондықтан, «Мейірбике ісі» бойынша  қолданбалы бакалавриатқа түскен. Айта кетейік, бұндай мамандық бойынша 48 түлек алғаш рет диплом алып отыр.

Бакалаврлық білімі бар медбике енді  тәуелсіз медбикелік тәжірибені іске асыра алады. Науқастың жағдайына баға беріп, қадағалап, диагноз қояды. Бұл өз кезегінде дәрігер жүктемесін азайтып, медициналық көмектің   қолжетімділігін және сапасын едәуір арттыруға көп көмегін тигізеді.
«Мейірбике ісі» бойынша қолданбалы бакалавриат жеделдетілген бағдарлама бойынша оқытылады. Яғни, жұмыстан қол үзбей-ақ оқу мүмкіндігі бар. Студенттер 3,5 жыл оқыса, тәжірибелі медбикелерге 1,5 жылдан соң диплом тапсырылады.   

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
20:22, 28 мамыр 2020
ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
Толығырақ...
ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:33, 27 мамыр 2020
ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...