ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН. ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ Толығырақ

КОВИД-19. РЕЙД ЖАЛҒАСУДА

20:31, 13 қазан 2020

Ал, мониторингтік топ өз кезегінде кәсіпкерлік нысандарды тексеру жұмыстарын жалғастыруда. Кезекті рейд облыс орталығындағы бірқатар ірі сауда орындарына жасалды. Бұл жолы айтарлықтай санитарлық талаптарды бұзушылар байқалмады. Тек маскасыз дүкендерге келген тұрғындарға ескертулер болды. Егер осылай барлық бекітілген нормалар орындалса, қауіптің сейілуі де тез болады, дейді санэпидемиологтар.

Мониторинг тобы санитарлық талаптардың сақталуын қадағалауды жалғастыруда. Олар бірінші кезекте сауда орталығына барды. Кіреберісте міндетті түрде термометрия, антисептиктер болуы шарт. Келушілер тек бетпердемен жіберіледі. Бутиктерде 10 сатып алушы ғана кіре алатыны туралы хабарландыру болуы керек.  

Артынша байланыссыз термометрдің жарамдылығын тексерілді. Қадағалау тобы Астықжанға, Азияға және 15 дүкенге барды. Санитайзерлер орнында, дезинфекция кестесі де бар. Бетперде мен қолғап киген сатушылар, сатып алушылар қашықтықты сақтауда. Қапталмаған нан-тоқаш өнімдеріне тексерушілер тарапынан ескерту жасалды.

Карантиндік шараларды тексерушілердің айтуынша, олар сауда орындарының иелерін ғана емес, қарапайым азаматтарды да тәртіпке шақырған. Қала тұрғындары саналы түрде санитарлық талаптарды сақтауға көшкен.

Мониторинг тобының мүшелері шектеу іс-шараларын сақтау бойынша тексерулер жүргізу бойынша жұмысты жалғастырады. Бұл шараларды елемейтіндер қомақты айыппұл арқалайтын болады.

Гауһар Асанбек

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
20:24, 29 қазан 2020
МӘМС ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Толығырақ...
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ БОЛМАУЫ МАҢЫЗДЫ
20:23, 29 қазан 2020
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ БОЛМАУЫ МАҢЫЗДЫ
Толығырақ...
АУРУХАНА ЖАҢА ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
20:27, 28 қазан 2020
АУРУХАНА ЖАҢА ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
20:32, 27 қазан 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
20:28, 27 қазан 2020
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
20:32, 26 қазан 2020
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
Толығырақ...