ШҰҒЫЛ! «ЕҢБЕК» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ: 31 АДАМ ШАҒЫН НЕСИЕМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ҚОСЫМША ИММУНДАУ ШАРАСЫ БАСТАЛАДЫ

18:10, 10 қыркүйек 2019

16 қыркүйектен бастап облыста қызылшаға қарсы қосымша иммундау шарасы басталады. Бұл туралы бүгін облыстық Денсаулық сақтау департаменті өткізген брифинг барысында айтылды. Мамандар екпе егумен 90 мыңға жуық адам қамтылады деп отыр. Ол барлық аудан, қалаларда тегін жүргізіледі.

Қосымша иммундауға соңғы кезде қызылшамен ауыру көрсеткішінің өсуі түрткі болып отыр. Мамандардың мәліметінше, биыл еліміз бойынша 10 мыңнан астам адамға осындай диагноз қойылған. 192-сі Қостанай облысында тіркелген.

Ең алдымен вакцина егумен 20 мен 29 жас аралығындағы азаматтар қамтылады. Екпе жалпы 90 мыңға жуық адамға жетеді деп межеленіп отыр. Ол барлық аудан, қалалардың емханаларында тегін жүргізіледі. Екпе жасайтын арнайы кабинет жоқ елді мекендердегі амбулаторияларға медицина қызметкерлерінен жасақталған арнайы топ барады.  

Мамандар, екпе егу арқылы аурудың алдын алуға болатынын айтады. Қызылша қауіпті дерт екенін ескертеді. Оны жұқтырып және елемесе, соңы өкінішті жағдайға ұрындыруы мүмкін. Сондықтан, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жолды таңдауға кеңес береді.

Назгүл Құдайбергенова

Тақырып бойынша материалдар

ВАКЦИНА ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ БОЙЫНША ҚОСЫМША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНАДЫ
21:02, 3 қыркүйек 2019
ВАКЦИНА ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ БОЙЫНША ҚОСЫМША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАН...
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:44, 28 тамыз 2019
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
АУДАНДЫҚ АУРУХАНАДА ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯ САНЫ ЕКІ ЕСЕГЕ АРТҚАН
20:47, 26 шілде 2019
АУДАНДЫҚ АУРУХАНАДА ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯ САНЫ ЕКІ ЕСЕГЕ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСТАР ЖЫЛЫ: МАҚСАТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН!
20:59, 12 қыркүйек 2019
ЖАСТАР ЖЫЛЫ: МАҚСАТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН!
Толығырақ...
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ
18:20, 10 қыркүйек 2019
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ
Толығырақ...