ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ЕЛОРДА МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАУҒА ДАЙЫН Толығырақ

ҚОСТАНАЙДА МЕНИНГОКОКК ИНФЕКЦИЯСЫ БОЙЫНША ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

20:36, 30 мамыр 2018

Елімізде менингитке шалдығудың 62 фактісі тіркелді. Оның дені Алматыда орын алған. 8 адам жан тапсырды. Соның 4- уі аталған өңірде көз жұмды. Өлім - жітімнің болуына науқастың көмекке кеш жүгінуі себеп болған. Қазіргі таңда дерттің таралуын тоқтату үшін дәрігерлер ауруды жұқтырған адамдармен араласқан кісілердің денсаулығын тексеріп жатыр. Медицина мамандары Қостанай қаласы бойынша жағдайдың тұрақты екенін айтады.

Еске сала кетейік Алматыда 2 мың астам адам менингит күдігіне ілікке болатын. Бұл  қоғамның алаңдаушылығын туғызды. Жұқпалы ауру әдетте көктем-күз мезгілінде  қоза түсетін. Ресми деректерге сенсек, биыл  елімізде 62 менингокок жұқпасы орын алған.

Алайда, ақ желеңідер Қостанай қаласында эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп сендірді. Балалар арасында менингококк инфекциясы тіркелмеген. Дәрігерлер аурудың адғашқы белгілерін атады.

Денсаулық сақшылары сақтық шараларын ұмытпауды ескертеді. Дәгердің көмегіне дер кезінде жүгіну өте маңызды. Азық-түлік өнімдерін, жеміс-жидек пен көкөністерді міндетті түрде мұқият тазалап тұтынған абзал.Жеке гигиеналық тазалықты қатаң қадағалап, инфекция қаупі жоғары кезде бұқаралық мәдени, спорттық, бассейн және ойын алаңдарына баруға шектеу қойған жөн дейді мамандар. Тіпті үйлерде  бөлменің терезесін ашып, ауа алмастырудың да өзіндік маңызы бар.

Қазір оқушылар емтихан тапсырып жүр. Сондықтан, ақ халаттылар қауіпті дерт тіркелген мектепке кірген-шыққан адамның денсаулығын жіті бақылауда. Айта кетейік, биыл қажылыққа баратын 2 мың адамға менингитке қарсы екпе жасалады. Өйткені қажылық кезінде жаппай осы кеселге шалдығу деректері әлденеше рет тіркелген екен.

 

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ
18:04, 15 маусым 2018
ОБЛЫС ӘКІМІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ
Толығырақ...
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА СТАНДАРТҚА СӘЙКЕСТЕНДІРІЛЕДІ
20:37, 7 маусым 2018
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА СТАНДАРТҚА СӘЙКЕСТЕНДІРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ШАЛҒАЙДА «АУЫЛ КҮНІ» МЕРЕКЕЛЕНДІ
18:19, 20 маусым 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ШАЛҒАЙДА «АУЫЛ КҮНІ» МЕРЕКЕЛЕНДІ
Толығырақ...
НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАСЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
18:13, 20 маусым 2018
НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАСЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
Толығырақ...