ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КОРОНОВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫ ЖҰҚТЫРҒАНДАР ЖОҚ

20:27, 19 наурыз 2020

Қостанай облысында короновирустық инфекцияны жұқтырғандар жоқ. Бүгін Қостанай қаласына «Мәскеу-Қостанай» рейс SU -1952 ұшып келді. Жолаушылар медициналық қызметкерлердің бақылауына алынды. Барлығының жағдайлары қанағаттанарлық.

Қостанай облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, қазіргі таңда 19 адам, Қазақстанның азаматтары, провизорлық госпитальге жатқызылды, себебі олар короновирустық инфекциямен сырқаттанушылығы бойынша 1 «А» санатына жатқызылатын Германия мен Испаниядан келді. Короновирустық инфекциямен сырқаттанушылығы бойынша 1 «Б» санатына жатқызылатын Портагулиядан келген 2 адам үйдегі карантинге жіберілді. Сонымен қатар 4 адам тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық қызметкерлердің бақылауына алынды, 14 күн бойы күнделікті бақылау телефон шалу арқылы жүзеге асырылады. Олар короновирустық инфекциямен сырқаттанушылығы бойынша 2 санатқа жатқызылатын АҚШ елінен келген. Қазіргі таңда облыста 39 адам ауруханаға жатқызылды, 21 адам карантинге жіберілді.   

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
20:22, 28 мамыр 2020
ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
Толығырақ...
ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:33, 27 мамыр 2020
ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
20:30, 9 шілде 2020
ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
Толығырақ...
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛАДЫ
20:30, 9 шілде 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛАДЫ
Толығырақ...