ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

КОРОНАВИРУС: ОБЛЫС ӘКІМІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

20:06, 3 наурыз 2020

Әлем елдерін дүрліктірген коронавирус ауруы біздің облыста тіркелген жоқ. Қостанайда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өңірлік штабтың отырысында жауапты мекеме басшылары осылай деп мәлімдеді. Азаматтардың денсаулығын қорғау бойынша облыс әкімі бірқатар тапсырма берді. Архимед Мұхамбетов қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін алдағы мерекелерге жоспарланған концерттер мен салтанатты жиындарды шектеу қажеттілігін атап өтті.

Өңірлік штаб отырысында санитарлық - эпидемиологиялық және алдын алу  шараларын  күшейту мәселелері қаралды. Аймағымыздың  бас санэпидемиолог дәрігері Орал Бекмағамбетов жұқпалы індетке қарсы қандай жұмыстар атқарылып жатқанын баяндады. Сөзінше, қауіп аймағынан келгендерді оқшаулауға баса назар аударылған. 

Ал, екінші санаттағы Сингапур, Тайланд, Азербайджан  елдерінен  келген азаматтар 14 күн ішінде тұрғылықты жері бойынша медициналық бақылауда болады. Және қосымша 10 күн бойы қоңырау шалу арқылы қашықтықтан қадағалауға алынатынын атап өтті мамандар. Демек, мемлекеттік шекарада 1, 2, 3 санаттағы елдерден келген және науқастармен байланыста болған адамдарды анықтау, тексеру, тасымалдау мен орналастыру бойынша үйлесімді жұмыс қамтамасыз етілмек.  

Облыс әкімі дәрілер мен медициналық бетперделерді өткізуде бағаның қымбаттауына  жол берілмеу керектігін  тапсырды.  Қостанай облысы жеткілікті көлемде бетперделермен, дәрілік препараттармен  қамтамасыз етілген. Медициналық заттардың қажетті резерві бар. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы өз баяндамасында осылай деді.

Өңір басшысы сала мамандарының назарын адамдар көп жиналатын жерлерде сақтық шараларын  күшейту қажеттілігіне аударды. Осы ретте Архимед Мұхамбетов 8 наурызға жоспарланған мерекелік концерттер мен  салтанатты жиындарды   шектеу керектігін атап өтті. Жалпы, облыс аумағында  коронавирус індетіне шалдыққан адам тіркелген жоқ.  Дегенмен,  әлемде   88 мыңнан артық  адам ауру жұқтырған. Оның 80 мыңы  Қытай елінде тіркелген.  3 мыңға жуығы қауіпті дерттен көз жұмды. Инфекция ауа f беріледі. Сондықтан жеке гигиенаны мұқият сақтаған жөн. Бұл инфекциядан қорғануды тиімді тәсілі екенін айтты дәрігерлер.Жалпы,  өңірдегі  жағдай тұрақты және үнемі қатаң бақылауда екенін де айтты сала мамандары. 

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
20:22, 28 мамыр 2020
ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
Толығырақ...
ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:33, 27 мамыр 2020
ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...