ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН БІР АЗАМАТ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

20:27, 20 наурыз 2020

Қазіргі күні азаматтарды коронавирусқа қатысты жедел әрі сенімді мәліметтермен ақпараттандыру - ең маңызды мәселе. Кей уақытта қоғамды ақпараттандыру мен қарым-қатынастың жеткілікті дәрежеде тиімді болмай жатқанын мойындау керек. Түрлі ақпарат құралдары, әсіресе мессенджерлер арқылы жалған ақпараттың таралуы көптеген қиындықтар туындатуда. Осы орайда елімізде coronavirus2020.kz сайты іске қосылды.

Бұл ресурста төтенше жағдай бойынша, карантин кезіндегі тәртіп пен мемлекеттің коронавирусқа қарсы жасап жатқан шаралары жөнінде, сондай-ақ, желіде тараған жалған мәліметтерді теріске шығару және басқа да барлық өзекті ақпараттар жинақталады», - деп жазды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында. Сайтта сонымен бірге аурудың алдын алу, белгілері, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда жасалатын әрекеттердің ережелері жарияланған және бұл мәліметтер халық пайдаланып, тарату үшін инфографика, нұсқаулық түрінде берілген. «Азаматтар үшін сайтта арнайы сұрақ-жауап айдары болады, ол жерде әрбір пайдаланушы өзіне қажетті сауалына жауап ала алады. Сіздерден осы мәліметті таратуды және сенімді ақпарат көздеріне ғана жүгінуді сұраймын», - дейді Дәурен Абаев.

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС:  КӨМЕК АЛУ МҮМКІНДІГІ ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН ҰЗАРДЫ
20:36, 1 сәуір 2020
МӘМС: КӨМЕК АЛУ МҮМКІНДІГІ ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН ҰЗАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЖ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАМАСЫН БАЛАЛАР ҚОЛДАУДА
20:47, 1 сәуір 2020
ТЖ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАМАСЫН БАЛАЛАР ҚОЛДАУД...
Толығырақ...