ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН 2 АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ҚАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ АКЦИЯ

20:38, 12 қаңтар 2021

Облыстық қан тапсыру орталығы акция өткізді. Ол халықаралық «рахмет» күніне орайластырылды. ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін шара барысында барлық санитарлық талаптар сақталды.

Рихардсон Фрайденберг-студент. Ол айына тұрақты түрде екі рет қан тапсырып тұрады. Науқас жанға қан құйып, оның өмірін сақтап қалуға тамшыдай болса да үлес қосып жатқандағы сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес дейді ол.
 

Қан орталығы мамандары өңіріміздің жастары өте белсенді екендігін,  кез келген өтінішті қуана орындайтындығын айтып, ризашылығын жеткізді. Алайда, талапқа сай 18 жастан асқан азаматтар ғана донор бола алады. Сондай-ақ,жұқпалы аурумен ауырғандар, онкологиялық, жүрек-қан тамыры ауруларымен ауырғандардан және денесіне сурет салғандар мен татулары бар адамдардан қан алынбайды.
 

Қан орталығына үнемі донор қажет. Өйткені, қан құрамындағы кей компоненттерді 42 күн сақтауға болатын болса, енді біреулері 5 күнге ғана жарайды екен. Сондықтан, мамандар әрбір азаматты қан тапсырып тұруға шақырады.

Ал халықтың арасында қан тапсыру арқылы кез келген инфекцияны жұқтырып  қаупі жоғары деген пікірді дәрігерлер жоққа шығарды. Сөздерінше, қан компоненттерін дайындау жүйесі толық автоматтандырылған.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ОҢАЛТУ ҚҰРАЛДАРЫНА ТЕҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК
20:55, 19 қаңтар 2021
ОҢАЛТУ ҚҰРАЛДАРЫНА ТЕҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛҒАНДАР ОҢАЛТУДАН ӨТЕ АЛАДЫ
20:54, 19 қаңтар 2021
КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛҒАНДАР ОҢАЛТУДАН ӨТЕ АЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕНДЕР ҚАТАРЫ АРТҚАН
20:36, 14 қаңтар 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕНДЕР ҚАТАРЫ АРТҚАН
Толығырақ...