ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ

20:33, 27 мамыр 2020

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы 5 жылда мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерін медициналық техникамен 100 пайыз қамтамасыз етуіміз керек, деді. Қостанайлық дәрігерлер бұны толығымен қолдайтындарын айтады. Және де соңғы жылдары салада жасалған реформалар да оң нәтиже беруде дейді. Мәселен, қалалық ауруханада тізе буындарын эндопротездеу бойынша алғаш рет жоғары технологиялық ота жасалды. Жауапты жұмысты жоғары санатты дәрігер, Алматы қаласы жедел жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі Владиммир Семенов жүргізді. Сондай ақ білікті маман Қостанайлық хирург-травматологтарға шеберлік сабағын өткізіп, білгенімен бөлісті.

Нина Корпа 6 ай бұрын жүріп -тұруы қиындап Нұр-Сұлтан қаласында бір аяғына ота жасатқан. Екіншісіне жасату үшін екі жылдан бері кезек күтіп жүр екен. Бірақ елордаға барудың қажеті болмай қалды. Қостанай қалалық ауруханасында алматылық дәрігердің қатысуымен жасалған ота өте сәтті өткенін айтады.  

Тізе буындарын эндопротездеу күрделі операциялардың бірі. Бұл зақымданған буынды алмастыру деген сөз. Ота жасалғаннан кейін пациент дәрігер нұсқауымен физиотерапиялық емдеу және дене шынықтыру курсынан өтуі тиіс. Қозғалыс функциясын жылдам қалпына келтіру үшін бұл шаралардың маңызы зор.

Қостанай қалалық ауруханасы эндопротездеу бойынша енді әрі қарай жұмыс істеуге дайын. Жоспар бойынша жыл соңына дейін 50 адамға жасанды тізе буыны салынады. Дәрігерлердің айтуынша, ол үшін бұнда барлық жағдай жасалған. 

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
20:22, 28 мамыр 2020
ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ҰСЫНЫСЫН ДӘРІГЕРЛЕР ҚОЛДАЙДЫ
20:32, 27 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТ ҰСЫНЫСЫН ДӘРІГЕРЛЕР ҚОЛДАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙМАҚҚА 98 МЛН ТЕҢГЕЛІК ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ
20:30, 4 тамыз 2020
АЙМАҚҚА 98 МЛН ТЕҢГЕЛІК ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...