ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАҒЫ БІР АПТАҒА СОЗЫЛАДЫ Толығырақ

ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЕМХАНАДА ІНДЕТПЕН КҮРЕСУГЕ ДӘРІГЕРЛЕР ДАЙЫН

20:13, 18 қараша 2020

Жуырда Қостанайда індетпен күресуге арналған жаңа инфекциялық аурухана пайдалануға берілді. Оның жоғарғы технологиялық құрылғылармен қамтылған арнайы зертханасы, диагностикалық орталығы мен ота жасайтын бөлімдері бар. Мұнда дәрігерлер науқасқа арнайы қондырылған планшет арқылы қашықтан бақылау жүргізеді. Осы және басқа да көрсетілер медициналық қызметтер туралы облыстық аурухананың бас дәрігері брифинг барысында баяндап берді.

Инфекциялық жаңа орталық облыстық ауруханаға қарайды.  Мұнда науқастарды оттегімен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесі бар. Яғни, 8 тонна сұйық оттегі арнайы цистернаға құйылып, қажет болған жағдайда әрбір төсекке орнатылған құрылғы арқылы науқасқа қосылады. 

Инфекциялық орталық 200 науқасқа шақталған. 20 орындық жан сақтау бөлімі, эндоскопиялық және ультрадыбыспен емдеу бөлімі тағы бар.  Жаңа аурухананы таза және лас аймаққа бөліп тұратын 8 модуль қарастырылған. Орталықтың қос қапталында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі есік бар. Індет жұқтырып, ауруханаға жеткізілген науқастар 1- есіктен кіреді. Ал дертінен айыққан адамдар ғимараттың 2- жағындағы басқа есіктен шығады.

Дәрігерлер дезинфекциялық шараларға ерекше ден қойған. Осы ретте орталықта ауаны тазартып отыратын кері желдеткіш орнатылған.  Яғни, палатадағы лас ауа дәлізге шықпай, арнайы залалсыздандыру құрылғысы арқылы сүзгіден өтіп, тазартылған күйде далаға бөлініп шығады. Айта кетейік, қазіргі таңда аруханада 126 адам ем-дом қабылдап жатыр.

Тақырып бойынша материалдар

АУРУХАНАНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
АУРУХАНАНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...
ИНСУЛЬТ АЛҒАН НАУҚАСТАР ҮШІН ОҢАЛТУ ӘДІСТЕРІ  ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:52, 24 қараша 2020
ИНСУЛЬТ АЛҒАН НАУҚАСТАР ҮШІН ОҢАЛТУ ӘДІСТЕРІ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНА ЖАҢА ЖАБДЫҚПЕН ҚАМТЫЛДЫ
20:51, 24 қараша 2020
ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНА ЖАҢА ЖАБДЫҚПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
17:32, 26 қараша 2020
ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР ЖАЛҒАСЫ
20:55, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР...
Толығырақ...