ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУ ЖҰҚТЫРУ ҚАУПІ ТӨМЕНДЕГЕН

11:52, 11 ақпан 2019

Қазіргі күні облысымыз бойынша жедел респираторлық вирустық инфекция мен тұмау жұқтыру қаупі бар. Дегенмен, бұл дерт өршіп тұр деген сөз емес. Медицина мамандары биылғы жылы тұмаумен сырқаттанып ауруханаға түскен тұрғындар жоқ деген дерек келтіруде. Алайда, вирустық инфекция жоқ екен деп, денсаулыққа ден қоюды қаперден шығармау керек.

Мамандардың  айтуы бойынша,  Қазақстанда жыл  сайын  бір милионға  жуық адам  тұмау  және  жедел  респираторлық вирустық  инфекция жұқтырады екен. Облыс  бойынша   биыл  бұл көрсеткіш көлемі 29 мың тұрғынға тең келіп отыр. Тұмаумен сырқаттану бойынша 52 факті тіркелген. Бұл - былтырғы  жылмен  салыстырғанда, 11,4 пайызға төмен деген сөз.

Көбіне-көп  жедел  респираторлық вирустық  инфекция 14  жасқа  толмаған балаларда  кездеседі. Демек,  жалпы жасөспірімдер санының 70 пайызын  құрайды.Ақ халаттылардың  кеңесіне сүйенсек, баларды сырқаттан сақтау үшін олардың жасына  байланысты дәрумендік дәрі-дәрмектерді  уақытында  беріп, бөлмелерді жиі желдетіп тұру  керек. Бұл - ауырмаудың  бірден-бір тиімді тәсілі.

Вирустық инфекциялар жөтелу, қысқа қашықтықта сөйлесу кезінде, күнделікті тұрмыста  қолданатын  заттар  арқылы  таралатынын ескертеді дәрігерлер. Осыған байланысты, емдеу мекемелерінде аталмыш аурулардың алдын алуға  арналған  арнайы  қызмет  түрлері   атқарылады. Ауырып ем  іздегенше  ауырмайтын  жол  іздеген өзіңіз үшін де, жақындарыңыз үшін де тиімді болары талассыз.

 

Айсұлу Зимина

Тақырып бойынша материалдар

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ НӘТИЖЕ БЕРЕ БЕСТАДЫ
20:40, 19 наурыз 2019
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ НӘТИЖЕ БЕРЕ БЕСТАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА АВИАЦИЯЛЫҚ ТІКҰШАҚ ҚЫЗМЕТКЕ КІРІСТІ
20:31, 13 наурыз 2019
ОБЛЫСТА АВИАЦИЯЛЫҚ ТІКҰШАҚ ҚЫЗМЕТКЕ КІРІСТІ
Толығырақ...
ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН: САНДЫҚ ЖҮЙЕ, САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ!
20:44, 12 наурыз 2019
ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН: САНДЫҚ ЖҮЙЕ, САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар