ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛУ – МІНДЕТ

20:35, 11 наурыз 2020

Жер-жаһанды алаңдатқан жұқпалы вирус Қостанай облысында тіркелген жоқ. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Алайда, ауру айтып келмейді. Сондықтан да, арқаны кеңге салуға болмайды. Қауіпті дертке қарсы қауіпсіздік шараларын күшейту үшін барлық тиісті қам-қарекеттер жасалуда. Аты жаман дерттің алдын алу мақсатында аймақ аумағын қамтитын арнайы медициналық штаб құрылды. Сақтық ережелеріне байланысты ақ халаттылар қалай әрекет етуде? Толығырақ тілшіміздің репортажынан біле аласыздар.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде сұхбат берген облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары облыста короновирус кеселінің тіркелмегендігін айтты. Алайда, оның алдын алу шаралары жүйелі түрде жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Медицина мамандарының мәлімдеуінше, інтеттің таралу ошағы бірнеше санатқа бөлінген.

Аса қауіпті саналатын мемлекеттер: Қытай, Иран, Оңтүстік Корея, Жапония, Италия, елдері. Әісресе, Қытай мен Ираннан келген азаматтар міндетті түрде 14 күндік карантинге жатқызылады. Одан шыққаннан кейін қосымша 10 күн медициналық бақылауда болады.

Басқарма басшысы орынбасарының сөзінше, жуырда еліміздің тұрғыны Қытайдан келгені анықталып, карантинге жатқызылған. Он күндік оқшаулау барысында оның вирус жұқтырмағанына толық көз жеткізілген. Жалпы, елімізде, сондай-ақ, жергілікті аумақта да індеттің алдын алуға бағытталған тиісті деген міндеттер атқарылуда, қауіпсіздік шаралары басты назарда - дейді сала мамандары.

Мәлім болғандай қажетті деген дәрі-дәрмектердің де, медициналық маскалардың да жеткілікті резерві дайындалған. Дәріханаларда олардың қымбаттауына жол берілмейді. Сол себепті, босқа байбалам салудың, барған жердің бәрінде жаппай маска тағып жүрудің де қажеті жоқ, - дейді медицина қызметкерлері.

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
20:22, 28 мамыр 2020
ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
Толығырақ...
ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:33, 27 мамыр 2020
ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
20:30, 6 тамыз 2020
ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
Толығырақ...
«ЕҢБЕК» - ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫС ТАБУЫНА ЖӘРДЕМ
20:30, 6 тамыз 2020
«ЕҢБЕК» - ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫС ТАБУЫНА ЖӘРДЕМ
Толығырақ...